Грекия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Грекияның намысын қорғап, осы мемлекеттің атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Грекия Футбол федерациясы.

2004 жылғы Еуропа Чемпиондары, УЕФА, ФИФА мүшесі.

Тарихы Алғаш қатысқан ірі жарысы — 1980 жылғы Еуропа Чемпионаты. Арада 14 жыл өткен соң, 1994 жылы АҚШ-та өткен Футболдан Әлем Чемпионатына қатысты. Топтық турнирдегі үш ойында да жеңіліп, бір доп та соға алмай, сәтсіздікке ұшырады.

2004 жылғы Еуропа чемпионаты Келесі ірі жарысты 10 жыл күтті. 2004 жылы Португалияда өткен құрлықтық додада күтпеген жерде гректер алтын жүлдені иемденіп кетті. Олар Португалия, Ресей, Испаниямен бір топқа түсті. Әуелі, алаң иелерін 2:1 есебімен ұтты. Карагунис пен Басинастың голына 90-минутта тек Криштиану Роналду ғана қарымта қайыра алды. Келесі турда тағы бір пиренейлік құрама — испандармен ұпай бөлісті. 28 минутта есеп ашқан Морьентестің голына 57-минутта Харистеас жауап берді — 1:1. Соңғы турда Ресей құрамасынан 1:2 есебімен ұтылса да, келесі сатыға жолдама алды. Ширек финалда оларды Еуропаның сол кездегі чемпионы — Франция құрамасы күтіп алды. Зидан, Анри секілді жұлдыздары бар құрама гректерден өте алмады: 64 минутта құрама капитаны Теодорос Загоракистің асырған добын Ангелос Харистеас дәл соқты — 1:0 Жартылай финалда Чехиямен болған тартысты ойында тағы да Грекияның бағы жанды. 105-ші минутта Траянос Деллас баспен соғып, "күміс голдың" авторы атанды.

Финалда тағы да Португалия құрамасымен тоқайласты. 90 минут бойы португалдар басымдық танытса да, соңында гректер 1:0 есебімен жеңіске жетті де, Еуропа Чемпионы атанды. Голды 57-минутта тағы да Ангелос Харистеас соқты.

"Шынымды айтсам, біз 2:0 есебімен ұтуымыз керек еді. Қанағатсыздығым емес, гол соғатын мүмкіндіктерді толық пайдаланған жоқпыз" деген болатын сонда гректердің бапкері Отто Рехагель.

"Гол соғылған сәттен бастап қуанышым қойныма сыймай жүрді. Ойынның бітуіне жарты сағаттан астам уақыт бар болса да жеңіске жететінімізге сендім" дейді финалдағы жалғыз голдың авторы Ангелос Харистеас.

Кейінгі жылдары 2008 жылғы Еуропа Чемпионатында құрама топтық кезеңнен өте алмады. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатына қатысып, үш ойыннан үш ұпай ғана алды. Бұл көрсеткіш 1/8 финалға шығуға аздық етті. Есесіне екінші ойында Нигерияны ұтып, әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты және алғашқы жеңісін тойлады.

2012 жылғы Еуропа Чемпионатына да қатысып, ширек финалда Германия құрамасына жол берді — 1:4.

Рекордшылар 2014 жылғы жағдай Көп матч өткізгендер ФутболшыКарьераМатчГол1Йоргос Карагунис1999—2014139102Теодорос Загоракис1994—200712013Константинос Кацуранис2003—2015116104Ангелос Басинас1999—201010075Стратос Апостолакис1986—19989656Антониос Никополидис1997—20089007Ангелос Харистеас2001—201188258Димитрис Салпингидис2005—201482129Йоргос Самарас2006—81910Димитрис Саравакос1982—1994782211Теофанис Гекас2005—2014782412Стелиос Яннакопулос1997—2009771213Тасос Митропулос1978—199477814Никос Либеропулос1996—2012761315Василис Торосидис2007—737

Мергендер

ФутболшыКарьераГолМатч1Никос Анастопулос1977—198829742Ангелос Харистеас2001—201125883Теофанис Гекас2005—201424784Димитрис Саравакос1982—199422785Димитрис Папаиоанну1963—197821616Никос Махлас1993—20021861

Әйгілі футболшылары Александрос Александрис — 42 (10) Никос Анастопулос — 75 (29) Антонис Антониадис — 21 (6) Ангелос Басинас — 100 (7) Теофанис Гекас — 52 (20) Григорис Георгатос — 35 (3) Георгиос Георгиадис — 61 (11) Никос Дабизас — 70 (0) Траянос Деллас — 53 (1) Теодорос Загоракис — 120 (3) Михалис Капсис — 36 (1) Георгиос Карагунис — 72 (6) Костас Кацуранис — 46 (6) Томас Маврос — 36 (11) Никос Махлас — 61 (18) Демис Николаидис — 54 (17) Антониос Никополидис — 90 (0) Димитрис Папаиоанну — 61 (21) Георгиос Самарас — 32 (5) Георгиос Сейтаридис — 65 (1) Ангелос Харистеас — 88 (25) Вассилис Цартас — 70 (12) Стелиос Яннакопулос — 77 (12)

Әйгілі жаттықтырушылары Апостолос Николаидис, 1929, 1934–1935 Алькетас Панагулиас, 1973–1976, 1977–1981, 1992–1994 Ангел Йордэнеску, 1998–1999 Отто Рехагель, 2001–2010 Фернанду Сантуш, 2010–2014 Клаудио Раньери, 2014

Сілтемелер Грекия футбол федерациясының сайты RSSSF — Құрама матчтары RSSSF — рекордтары мен статистикалары 2013 жылғы Грекия Құраманың барлық матчтары

Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасы