Айдар — Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты Родина ауылдық округінің құрамында болған ауыл, 2014 жылы таратылған.Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Географиялық орны Арқалық қаласынан батысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 535 адам (267 ер адам және 268 әйел адам) болса, 2009 жылы 67 адамды (38 ер адам және 29 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері