Леон (исп. León) — Гуанахуато мексикалық штатының Леон муниципалитетіндегі әкімшілік орталық әрі қала. Толық ресми атауы Леон-де-лос-Альдама (исп. León de los Aldama), Гуанахуато штатының тәуелсіздік үшін соғыста ерлік көрсеткен батырлар Хуану және Игнасио Альдама ағалы-інілерге құрмет береді. 2010 жылғы санақ деректері бойынша халық саны 1 238 962 адамды құрады.

Тарихы 1575 жылдың 12 желтоқсанында Жаңа Испанияның вице-королі Мартин Энрикес де-Альманса осы алапта үлкен нығайтылған қоныстар құру жөнінде жарлық шығарды. 1576 жылдың 20 қаңтарында Хуан Баутиста де Ороско Леон елді мекенінің негізін қалады, ал 1580 жылы ол қала мәртебесін алды.

1833 жылдың 25 сәуірінде қалаға тырысқақ эпидемиясы тарпа бас салды, 18-19 маусымда ол басылған болатын.

Тұлғалар Франсиско Эспиноса Асуэла — атақты мексикалық ақын және жазушы.

Сыртқы сілтемелер Ресми бет Portal de LeonGuanajuato.com Мексиканың муниципалитеттері жайлы энциклопедия Parque Zoológico de León Información de León Parque Metropolitano de León

Санат:Гуанахуато қалалары