Жаңақұрылыс — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Жаңақұрылыс ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 135 км жерде, Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзеннің аңғарында орналасқан. Ауыл 1973-1996 жылдары Қазалы ауданындағы өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Жаңақұрылыста бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 890 адам (454 ер адам және 436 әйел адам) болса, 2009 жылы 890 адамды (456 ер адам және 434 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы елді мекендері