Терістаңбалы, терістамғалы — Найман тайпасының бірлестігі. Шежіре деректерінде Найманнан Терістаңбалы (кейде Елата), Саржомарт (Ергенекті Найман), Төлегетай тараған. Этнограф Ә.Марғұланның жазбасында: Найманнан - Тоқпан, Елата, Өкіреш. Екінші ұлынан - Келбұға, Кетбұға (Кетбұқа) үшіншісінен - Төлегетай тараған.

Терістаңбалы адам есімі емес, лақап атауы болуы да мүмкін. Бұл жайында бір ізгілік жоқ. Көптеген шежірелерде Терістаңбалыдан (Елата) тараған, Келбұғадан - Балталы, Кетбұғадан - Бағаналы ру болып қалыптасқан. Кетбұғаның таңбасы да Бағаналымен бірдей. Халық екеуін қатар айтады.

Енді бір шежіреде Терістаңбалыдан - Мәмбет, Рысқұл, сірә бұл екі ата Бағаналы, Балталыдан ілгері ата болса керек.

Терістаңбалы Наймандар 19 ғ-да Ертіс бойын, Көкшетау аймағын мекендеген. 1839 ж. дерек бойынша Терістаңбалы 557 түтін (үй)Марғұланов А., Найманы, в сб.:Казаки, Л.,1930, с.330Востров В.В., Муканов М.С., Родоплеменной состав и расселение казахов, А.-А., 1968, с. 62-67Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том. Тұлғалар Ғалымжан Жақиянов Райымжан Мәрсекұлы Мәрсеков Алтай Сәрсенұлы Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов Серік Ғабдуллин

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары