Сейітқалиев Дәурен Нұхұлы — «Жас Отан» жастар канатының облыстық кеңесшісі, «Жастар таңдауы – Атырау» атты жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құлсары» жайдарман тобының мүшесі, Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру педагогы, актер, биші, ұйымдастырушы.
Өмірбаяны 1989 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келді. Әкесі - Нұх Сембайұлы Сейітқалиев Анасы, анасы - Раиса Сәпиқызы Асхарова. 2016 жылы жұбайы Абитова Жанар Серікқызымен отау құрды.
Білімі 2007 жылы Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында хореорафия мен актер шеберлігі бағытында білім алып, осы академияны тәмамдады. 2011 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін хореограф-тәлімгер мамандығын бітірді.
Қызмет жолы 2011-2013 ж. Қазақстан, Ресей, Болгария мемлекеттерінде өткен «Адами тұлғаның қалыптасуы» тренинг семинарларының қатысушысы. 2014-2016 ж. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қосымша білім беру педагогы, өзін-өзі басқару парламенті жетекшісі, хореограф болып жұмыс істеді. Атырау қаласы «Жастар таңдауы – Атырау» атты жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы «Жас-Отан» жастар партиясының беделді мүшесі.
Ұйымдастырушы, жетекшілік жұмыстары: Орал қаласы «42-размер» атты әзіл-сықақ теледидар жобасы. Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қызылорда қаласының тұрғыны Қорғанбек Жасұланға арналған қоғамдық-қайырымдылық флэшмобы.
Жетістіктері 2004 жылы Алматы қаласы «Бозторғай» лауреаты. 2005 жылы Санкт-Петербург қаласы «Окно в Европу» лауреаты. 2006 жылы Болгарияда «Усминикито но морето» лауреаты. 2008 жылы Астана қаласы «Шабыт» конкурс лауреаты. 2009 жылы Астана қаласы КТК-Жоғарғы лига жеңімпаз тобының мүшесі. 2010 жылы Польша «7 қаланы аралау» фестивалі, Қазақстан және Шет елдер халықаралық би байқауының лауреаты. 2015 жылы «Жас Отан» партиясы сертификаты, Қазақстанның «Жас Көшбасшылар» ассоциациясының сертификаты, Назарбаев Зияткерлік мектебінде атқарған елеулі еңбегі үшін алғыс хат иегері болды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хат» иегері атандыБарлық ақпарат тұлғаның Сайлау алды бағдарламасынан алынған..
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер "Facebook" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы