Чеботарев Василий МихайловичҚазақ Энциклопедиясы (1918, бұрынғы Көкшетау облысы Рузаев ауданы Гавриловка ауылы – 1944) – Кеңес Одағының батыры (1944). 1938 жылдан Кеңес армиясы қатарында. 1944 ж. Минск облысы Бобр ауылы маңындағы өткелді басып алу кезінде жауынгерлік тапсырманы орындау үшін жаудың тылына кіріп, қоршауда қалып, қаза табады. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Рузаев ауылындағы бір көшеге, Гаврилов орта мектебіне Чеботарев есімі берілген.
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары