Санта-Клара (ағылш. Santa Clara County) — Сан-Франциско шығанағының облысында орналасқан, Калифорния штатындағы округ. Округтің аумағында Силикон алқабы орналасқан.

Округтің әкімшілік орталығы — Сан-Хосе қаласы. Сондай-ақ округте Санта-Клара аттас қаласы орналасқан — Сан-Хоседен батысқа қарай орналасып, онымен шектеседі.

Географиялық жағдайы Округ солтүстік-батысында Сан-Матео округімен шектеседі.

Оңтүстігінде Санта-Крус таулары арқылы Сан-Андреас жарығы өтеді.

Тарихы Санта-Клара округі  — Калифорнияның ең алғашқы округтерінің бірі, ол 1850 жылы құрылған.

Округ өз атауын мұнда 1777 жылы туындаған Қасиетті Клара католик миссиясының атауы бойынша алған.

Өнеркәсіп Бастапқыда округтің тұрғындары екі ғасыр бойы ауыл шаруашылығымен айналысқан. Содан кейін орнына технологиялар келген. 1971 жылы Силикон алқабы пайда болған, округте Apple, Hewlett Packard, Google, Yahoo, eBay, Intel, Nvidia секілді ірі технологиялық компаниялардың штаб-пәтері орналасқан.

Әкімшілік бөлінісі Округтің аумағында 15 қала орналасқан: Сан-Хосе Кэмпбелл Купертино Гилрой Лос-Алтос Лос-Алтос-Хиллз Лос-Гатос Милпитас Монте-Серено Морган-Хилл Маунтин-Вью Пало-Альто Санта-Клара Саратога Саннивейл

Сілтемелер Santa Clara Valley Water District — Drinking Water Santa Clara County official website Santa Clara County governmental committee agendas Santa Clara County Planning Office List of special districts in Santa Clara County (LAFCo) Santa Clara County Library Santa Clara County: California’s Historic Silicon Valley, a National Park Service Discover Our Shared Heritage Travel Itinerary

Санат:Калифорния округтері