Ортақшыл — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Есбол ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Атырау—Индер тас жолының бойында орналасқан.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 1150 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1403 адам (698 ер адам және 705 әйел адам) болса, 2009 жылы 1322 адамды (681 ер адам және 641 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1169 адамды (588 ер адам және 581 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Мәдени-әлеуметтік мекемелері Қосарал орта мектебі "Балақай" бөбекжай-бақшасы «Самал» мәдениет үй" Заурал селолық учаскелік ауруханасы
Елді мекендегі көшелер Абай көшесі Алаш Тұржанов көшесі Жабу Дөкесов көшесі Жолдас Жаскеленов көшесі Исатай көшесі Кеңес көшесі Құрманғазы көшесі Махамбет көшесі Сағын Алпатанов көшесі
Дереккөздер
Санат:Махамбет ауданы елді мекендері