Таңдай — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Бақсай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-дей жерде, Бақсай каналының жағалауында Махамбет—Новобогат тас жолының бойында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2086 адам (1055 ер адам және 1031 әйел адам) болса, 2009 жылы 1913 адамды (957 ер адам және 956 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1943 адамды (1010 ер адам және 933 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Таңдай селосының табан тасы «Бақсай» кеңшарының құрамымен бірге қаланды. 1930-шы жылдардың басында селода жаңадан тұрғын үйлер салу жедел қарқындады. Сарайшықтағы бұрынғы орыс байларының үйлері бұзылып, құрылыс материалдары Таңдайға өгізбен, түйемен жеткізілген. Селоның Таңдай аталуы жайында сөз етер болсақ өз кезінде аты шыққан Бабыл есімді байдың Айдай және Таңдай деген екі сұлу қызы болған. Үлкені Айдайға атақты Бала Ораз Өтебайұлы ғашық болыпты. «Салайын сол Ораздың Айдайына» деп келетін өлең жолдары осыны аңғартады. Айдайдың сіңлісі Таңдай қайтыс болып, биік төбеге жерленген. Осы жер қазіргі Таңдай селосы. Ауылда 2000 жылы 624 орындық жаңа мектеп үйі пайдалануға берілсе, мектеп жанында 75 орындық интернат жұмыс істейді. 40-қа жуық бүлдіршін тәрбиеленетін «Райхан гүлі» балабақшасы 2004 жылдан бері жылдық жүйеге көшірілген.Бағы жанған Бақсай

Мәдени-әлеуметтік мекемелері Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп — алғашқы мектеп 1930 жылы 30 балалық интернаты бар, 160 оқушыға арналған бір қабатты бастауыш мектеп болып ашылған. Мектеп 1935 жылы орталау мектеп болып құрылды. 1958-59 оқу жылында мектеп толықтай орта мектеп болып қалыптасты. 1964-65 оқу жылында 320 балалық типтік мектеп үйі пайдалануға берілді. Мектеп 2000 жылы жаңа 624 орындық ғимаратқа көшті. 2017 жылы Таңдай орта мектебіне Қаршымбай Ахмедияровтың есімі берілді.Таңдай орта мектебінің тарихы "Райхан гүлі" бөбекжай-бақшасы

Діни ұйымдар қызметі Таңдай ауылдық мешіті — 2022 жылы қыркүйек айында ашылған. Мешіттің сыйымдылығы 150 орынға шақталған. Заман талаптарына толықтай жауап беретін мешіт ерлер және әйелдер залы, дәрісхана, Құран оқитын бөлме, асхана, таһаратханамен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, мешіт жанынан 100 орындық асхана салынған.Махамбетте Таңдай ауылында мешіт ашылды

Елді мекендегі көшелер Абай Құнанбаев көшесі Амангелді Иманов көшесі Әлия Молдағұлова көшесі Бала Ораз көшесі Бақсай көшесі Жаңа ауыл көшесі Исатай Тайманов көшесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі Қаршыға Ахмедияров көшесі Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі Махамбет Есенбаев көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі Мәншүк Мәметова көшесі Нұрмұхан Жантөрин көшесі Пангерей Бердешов көшесі

Галерея

Дереккөздер

Санат:Махамбет ауданы елді мекендері