Банк Консорциумы — кредиттік, кепілдемелік және басқа да банк операцияларын бірлесіп жүргізу үшін уақытша біріктірілген банктер тобы. Банк Консорциумын құрудың мақсаты — ресурстарды шоғырландыру жолымен операция масштабын ұлғайту. Консорциумге қатысушылар қаржылық және материалдық қор құрады. Операциялар орындалғаннан кейін консорциум өз қызметін тоқтатады, ал оның мүлкі қатысушылар үлесіне тең бөлінеді не жаңа шарт жасалады.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Банктер