Кулич (из ср.-греч. κουλλίκι(ον) от κόλλιξ «дөңгелек немесе сопақ пішінді нан») — мерекелік пасхаль нанының орысша атауы. Ауыз-екі тілде жиі кули́ца немесе кули́чка кездеседі. Куличка сөзі «ватрушка» — ішіне ірімшік салып пісірілген нан, «ашымаған крендель», «тойға бәліш» деген мағынада қолданылады. Сипатталуы

Бұл ашытқа қамырдың өнімі, формасы мен үлкендігі бойынша әртүрлі. Католиктерде ашытқы куличтерден басқа құмшекерлі пірәндік «бабы» ретінде де қолданады. Цилиндр формасында жиі мейіз қосылған және қант ұнтағы мен шәрбәтімен әшекейлейді. Дәмдеуіш ретінде ваниль, кардамон, мускатты жаңғақты қолданады. Ресейдің әртүрлі ауданында куличтерді неше түрлі формамен пісірген, алайда көбіне шіркеу просфор формасын көп берген. Солай көтеру үшін қамырға көп жұмыртқа мен май қосу керек екен. Куличтер пасхамен қоса, Ұлы бейсенбі жұмыртқаларымен сәнделген етіп шіркеуде жасалынады. Куличтердің бейнесі — әйгілі пасхаль дәстүрінің бірі болып саналады. Пасхальді дәстүрдің бітуінен кейін ауыз ашқанда тәттілер таратылып, бір-біріне ауыз тигізіп отырған. Алайда, көбінесе үлкен отбасы куличті санына байланысты бөлген. Сонымен қатар Паска Козунак Панеттоне Штоллен Троицкая церковь «Кулич и Пасха» Артос Дереккөздер Орыс Уикипедиясынан аударылған https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%87