thumb|424x424px|Рик Уиттл Рикки Уиттл(ағыл. Ricky Whittle, 31 желтоқсан, 1981, Олдем)-британдық әртіс әрі модель. Өзінің модельдік мансабын бастамас бұрын, регби ойынымен айналысқан. Сонымен қоса, британдық телевизияда жұмысқа орнауға тырысқан. «Арман тобы» және «Холлиокс» британдық телехикаяларында басты кейіпкерді ойнау арқылы әйгілі болды. «Холликос» ролінен кейін ол British Soap Award нұсқасы бойынша Уиттл әр жылы телехикаялардың ең әдемі адамдардың тізіміне кірген. 2009 жылы «Жұлдызбен би» атты шоуда екінші орын алды.

2011 жылы Уиттл «Холлиокс» тастап АҚШ-қа көшіп кетіп, VH1 «Азат леди»  сериалында артқы рөлді иеленді. 2014 жылдан бастап «100» сериалында түсті.

Ерте өмірі және білімі Уиттл Гарри мен Мэгги (Гудвин) Уиттлдің отбасында Англияның Олдхэм қаласында дүниеге келген. Ол үш баланың үлкені. Оның анасы Англиядан, ал әкесі Ямайкадан. Оның әкесі RAF-та қызмет етті. Сондықтан отбасы бірнеше жыл сайын басқа елге көшіп отырды. Дегенмен, Уиттл негізінен Солтүстік Ирландияда өсті және мектептегі жалғыз қара бала болғандықтан бала кезінде қорқытылғанын айтты. Бір кезде Уиттл анасына жарасымды болу үшін ақ болғысы келетінін айтты. Уиттл футбол командасының капитаны болған Саутгемптон Солент университетінің заң факультетінде оқыды. Оқулықтардың ақысын төлеу үшін ол модельдеумен айналысты. Алайда Уиттл университетті бітіруге аз уақыт қалғанда тастап кетті.

Фильмография ГодАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша)Рөл2004Холби СитиHolby CityДэвид Ричардс2002-2007Арман тобыDream TeamРайан Нейсмит2006-2011ХоллиоксHollyoaksКэлвин Валентайн2011Әйнекейлі таксиCandy CabsЭдди Шеннон2011Сэмді жоғалтқанда Losing SamСэмюэль2012Азат ледиSingle LadiesЧарльз2013ОстинлендAustenlandКапитан Джордж Ист2013Теңіз полициясыNCISЛинкольн2014 — 2016100The 100Линкольн2014 — наст. времяКөңілдес әйелдерMistressesДаниэль Замора

Дереккөздер Орыс уикипедиясынан аударылған.