Зейiн көлемi — ерекше құбылыс. Адам бiр уақытта əртүрлi заттар жөнiнде теңдей ойлап, əрқилы жұмыстарды орындауы мүмкiн емес. Осыдан сырттан келiп жатқан ақпараттарды адам өзiнiң өңдеу мүмкiндiктерiне орай топтап, жiктейдi. Сондай-ақ, адамның бiр уақытта өзара байланысы жоқ бiрнеше нысандарды қабылдау мүмкiндiгi де шектеулi. Осы шектер арасын танып, қабылдауы адам зейiнiнiң көлемiн бiлдiредi. Зейiн көлемiн зерттеу үшiн адамға бiр уақытта талдануы қажет бiр топ элементтер ұсынылып (сан, əрiп т.б.), солардың iшiнен саналы есте қалғаны есептеледi. Мұндай есептi жүргiзу үшiн тахитоскоп аппараты қолданылады. Зейiн көлемi өзгермелi құбылыс. Зейiн аймағына түсетiн элементтер саны олардың мазмұндық бiртұтастығына жəне олар арасындағы байланыстарды саналы түсiнуге тəуелдi келедi. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестiрiп беруге мəн аударып, оқушылар зейiнiнiң көлемiне нұқсан келтiрмеудi ойластырған жөн.
Қазіргі ғалым Қазіргі психологтар ұзақ уақыт бойы зейінді белгілі бір нысанға шоғырландыру визуалды тітіркендіргіштерді қабылдауды жеңілдетіп, олардың контрастылығын арттырады деп есептеп келді. Алайда бұл пікірді Нью-Йорк университетінің ғалымы Сэмюэл Линг жоққа шығарды.
Дереккөздер
Санат:Зейін