Конкорд — жолаушыларды дыбыстан да жоғары жылдамдықпен таси алатын әуе лайнері. Көп жылғы дайындықтан кейін 1976 жылы ағылшын-француз бірлескен жобасымен жасалған Конкорд пайдалануға берілді. Бұл дыбыс жылдамдығынан да жоғары ұшақтың төрт қуатты двигателі бар, ұзындығы 62 метр, қанатының өрісі 25,5 метр. Конкордтың небәрі 16 ұшағы бар, олар Бритиш Эйруэйз және Эр Франс авиакомпаниялары рейістерімен ғана ұшады. Конкорд жай ұшаққа қарағанда Атлант мұхитын екі есе жылдамдықпен кесіп өтеді, бірақ жолаушылар сиымдылығы 128 ғана (басқа ұшақтарда 500 жолаушыға дейін), сонымен қатар оның дыбыстық шуы жоғары.Алматыкітап баспасы. ISBN 978-601-01-0512-6 нобай|солға|Хитроу әуежайындағы Конкорд Дереккөздер
Санат:Орталық магистралды ұшақтар Санат:1969 жылы пайда болғандар