Дженни Хан (ағылш. Jenny Han ) — америкалық балалар мен жасөспірімдерге арналған романдарының жазушысы.

Ерте өмірі мен білімі Дженни Хан Америка Құрама Штаттарының Вирджиния штатындағы, Ричмонд қаласында дүниеге келіп, осы қалада есейген. Отбасысында өзімен қоса, бір қарындасы бар.

Мектепті бітіріп, Чапел – Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің колледжінде білім алған. Кейінірек, Нью – Йорктегі Жаңа Мектеп Университетіндегі аспирантураға түсіп, осы жерде балаларға арналған әдебиет өнерінен магистр дәрежесіне ие болады. Қазірга уақытта Дженни Бруклинде өмір сүріп, жоғарғы Вест – Сайдтегі мектеп кітапханасында жарты ақыға жұмыс істеуде.

Хан өзінің алғашқы кітабын – «Shug» атты балаларға арналған романын колледжде оқып жүрген кезінде жазды. Степ он екі жасар Анна Мария Уилкокс пен оның орта мектептегі қауіп-қатерлерді жеңу әрекеттерін баяндайды.

Басылымдары Өзінің тұңғыш жарық көрген «Shug» кітабын, Дженни 2006 жылы колледжде оқып жүрген уақытта жазған еді.

Оның келесі жобасы жас – ересектерге арналған жаз мезгіліндегі қыздың есеюі туралы трилогия болып табылады. Осы трилогияға : «Сұлуға айнал,ған жазым», «Сенсіз бұл жаз емес» және де «Әрдайым жаз болады» кітаптары кіреді. Осы кітаптар тез арада “New – York Times” баспасымен шығарылатын бестселлер тізіміне кірді.

Осылармен қоса Дженни Ханның тағы да басқа кітаптары басылып шығарылған.

Кітапнама Балаларға арналғандар «Shug» (2006) «Клара Ли және Алма Бәліш Арманы»

«Сұлуға айнал,ған жазым» трилогиясы «Сұлуға айнал,ған жазым» (2009) «Сенсіз бұл жаз емес» (2010) «Әрдайым жаз болады» (2011)

«Күюге күю» кітаптар тобы «Күюге күю» (2012) «От пен от» (2013) «Күл мен күл» (2014)

«Мен сүйген барлық ұлдарға» двулогиясы «Мен сүйген барлық ұлдарға» (2014) «P.S мен сені әлі де сүйемін» (2015)

Қысқы әңгімелері «Полариc бұл сенің мені тауып алатын жерің» - «Менің шынайы махаббатымның маған бергені» жинағының ішінде.

Экранды бейімдеу «To All the Boys I've Loved Before» фильмінің құқығы жарияланғаннан кейін бірнеше аптадан кейін сатып алынды. Түсірілім 2017 жылдың шілдесінде басталды. Басты рөлде Лана Кондор. Фильм Netflix-те 2018 жылдың тамыз айында шықты және сыншылардың оң пікірлерін алды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Ричмонд (Виргиния) туғандар Санат:АҚШ балалар жазушылары Санат:Жаңа мектеп университеті түлектері Санат:Чапел Хиллдегі Солтүстік Каролина университеті түлектері