Қияқты – Балқаш көлінің оңтүстік-батысында Қарасай алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Майжарылған тауларының шығыс бөлігіндегі бұлақтардан алып, Мирный кенті маңында Қарасай өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 175 км2. Арнасының басым бөлігі сайлы-жыралы өңірмен ағады. Көктем кезінде еріген қар суы нәтижесінде 10-15 күн тұрақты ағыны болады. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қалады. Негізінен жауын-шашынмен толығады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы