Шақырады көктем — көктем туралы ән.

Әннің сөзін жазған - композитор, Қазақстанның халық артисі Әсет Көпбайұлы Бейсеуов. Композитордың "Шақырады көктем" әнімен қоса "Алмалы Алматым", "Гүлдер", "Мұңайма", "Алтыным", "Маралдым", "Сандуғаш", "Сырласу вальсі", "Жұлдызым", "Армандастар", "Жайықтан қайтқан тырналар", т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді.

Қазірде бұл әнді кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса Роза Қуанышқызы Рымбаева орындайды.

Әннің сөзі

Елестеттім көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін. Сені ғана бақыт деп сенемін.

       Қайырмасы:

   Арманымдай алдағы,    Ақ шуақтай таңдағы,    Аялай бер арманым, аялай бер!

   Сандуғаштар жырлаған,    Көктемдерге бір барам,    Шақырады біздерді көгорай бел!

Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен.

       Қайырмасы...

Тағы қараңыз Өмір көктем Наурыз-думан әні Қазақтың 100 әні Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Қазақ әндері