Айно Юлия Мария Каллас (, , Кийскиля, Выборг губерниясы, Ұлы Финляндия княздігі — , Хельсинки, Финляндия) — өлеңдер, романдар, новеллалар және пьесалар жазған фин жазушысы.
Өмірбаяны Балалық және жастық шағы Айно Каллас Выборгтың маңындағы выборгтық Крон ақсүйектер отбасына тиесілі болған Кийскиля (қазіргі Подберезье) мекенінде дүниеге келген. Оның әкесі Юлиус Крон жазушы және фольклорист болған, ал анасы Мария Линдроос қыздарға арналған Фин мектебінің директоры болып қызмет атқарған. Айноның бауырлары Каарле мен Ильмари да Финляндияның атақты ғалымдары болды. Айно балалық шағын Кийскиля үйінде өткізді. Білім мен тәрбиені Гельсингфорстағы ақсүйектер ортасында алды.
Айно өз шығармашылығын он алты жасында бастады. Оны көбінесе адамның түп-тамыры жайлы сұрақтар қызықтырды. Осы қызығушылықтар «Өлеңдер мен балладалар» және «Кирсти» жинақтамаларында, жазушының балалық шағына арналған «Катинька Рабе» повесінде көріністер табады. Катинька Рабенің үлгісі Айно Калластың өзі болды. Оқиғалар Выборгтағы ата-анасының қожалығында орын алды. Айно өзінің адам болып қалыптасуына балалық шағы әсер етті деп есептейді, сол себепті онымен байланысты заттарға құрметпен қарап, туған жерлеріне барып тұрды.
Тұрмысқа шығу және Эстониядағы өмір 1900 жылы Каллас болашақ эстондық дипломат, дәрігерФилипп Оскар Калласқа (1868—1946) күйеуге шығады. Осы некеде бес бала дүниеге келді: Вирве, Лайне, Сулев, Хиллар және бала кезінде шетінеп кеткен Лембит. Алғашқыда отбасы Петербургте тұрды, одан кейін, 1904 жылы Дерптке (қазіргі Тарту, Эстония) қоныс аударды. Айно Каллас Эстонияның тарихымен және мәдениетімен қызықты, «Молодая Эстония» деп аталатын эстондық ұлттық әдебиет-прогрессивті тобымен тығыз қарым-қатынаста болды.
Осы уақыт аралығында жазылған Калластың новеллалары эстондық ұлттық идеямен тұнып тұр. Ең үлкен танымалдылыққа екі бөлімнен тұратын «За морем» (1904—1905) новеллалар жинағы ие болды. Осы жинақтан кейін «Антс Раудъялг» новелласы жарық көрді. Бұл шығармада Эстонияның сол уақыттағы социалдық жағдайы детальді түрде сипатталған.
Лондондық кезең 1920-шы жылы Айноның жұбайы Оскар Каллас Эстония республикасының Ұлыбританиядағы елшісі болып тағайындалды, сондықтан келесі он екі жылда жазушы Лондонда тұрды. Не дегенмен жазға салым Каллас лондондық дүбірден шаршап, шабыт іздеп Хийума аралдарының жағалауларына көшіп кететін. Осы уақытта аралығында жазылған романдар — «Барбара фон Тизенхузен», «Рейгилік Пастор», «Қасқырдың келіншегі». Бұл шығармаларда адам сенгісіз махаббат бейнеленген, алайда ол өзімен бірге бақытты да, өлімді де қатар алып жүреді.
Соңғы жылдар Келесі жылдары Каллас пьесалар жазады, мысалы «Мари және оның ұлы» () және «Сааремаа аралындағы Вирсавия» (), осы пьесаларға композитор Тауно Пюлккянен опералар жазып шығарды. Эстонияның советтік оккупациядан кейін отбасы Швецияға қарай қашады, сол жерде Оскар Каллас қаза табады. 1944-1953 жылдары Айно Стокгольмда тұрды; осы жылдарда оның алты томдық күнделіктері мен мемуарлары жарық көрді. 1953 жылы жазушы отаны Финляндияға қайтып оралды, сол жерде 3 жылдан кейін көз жұмды.
Таңдамалы шығармалары Lauluja ja ballaadeja, 1897 Kuloa ja kevättä, 1899 Kirsti, 1902 Meren takaa 1., 1904 Meren takaa 2., 1905 Ants Raudjalg, 1907 Lähtevien laivojen kaupunki, 1913 Seitsemän: Titanic-novelleja, 1914 Suljettu puutarha,1915 Musta raita, 1919 Katinka Rabe, 1920 Barbara von Tisenhusen, 1923 Reigin pappi, 1926 Langatonta sähköä, pieniä kirjeitä Lontoosta, 1928 Sudenmorsian, 1928 Novelleja, 1928 Pyhän joen kosto, 1930 Bathseba Saarenmaalla, 1932 Mare ja hänen poikansa, 1935 Talonpojan kunnia, 1936 Valitut teokset 1-3, 1938 Kuoleman joutsen 1942 Kuun silta, 1943 Löytöretkillä Lontoossa, 1944 Polttoroviolla, 1945 Kanssavaeltajia ja ohikulkijoita 1-3, 1945—1947 Seitsemän neitsyttä, 1948 Virvatulia, 1949 Rakkauden vangit, 1951 Päiväkirja vuosilta 1897—1906, 1952 Päiväkirja vuosilta 1907—1915, 1953 Päiväkirja vuosilta 1916—1921, 1954 Valitut teokset, 1954 Päiväkirja vuosilta 1922—1926, 1955 Päiväkirja vuosilta 1927—1931, 1956 Vaeltava vieraskirja vuosilta 1946—1956, 1957 Elämäni päiväkirjat 1-2, 1978 Elämisen taiteesta. Aino Kallaksen ja Anna-Maria Tallgrenin kirjeenvaihtoa, toim. Silja Vuorikuru, Otava, 2008
Әдебиеттер Aleksis Kivestä Martti Merenmaahan — Suomalaisten kirjailijain elämäkertoja, WSOY 1954 Кай Лайтинен: Aino Kallas 1897—1921: Tutkimus hänen tuotantonsa päälinjoista ja taustasta. Otava, 1995. Кай Лайтинен: Aino Kallaksen mestarivuodet: Tutkimus hänen tuotantonsa päälinjoista ja taustasta 1922—1956. Otava, 1995. Сату Коскимиес: Tanssii suden kanssa Aino Kallas (1878—1956) Viitattu 11.5.2007.
Сыртқы сілтемелер YLE Risingshadow.net — Айно Каллас Эйно және Айно
Санат:Финляндия жазушылары Санат:Эстония жазушылары Санат:Ақындар