Қамысқала ауылдық округі (2008 жылға дейін – Новобогат ауылдық округіИсатай ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы) — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Хамит Ерғалиев, Жасқайрат, Ауқайраң ауылдары кіреді. Орталығы – Хамит Ерғалиев ауылы"Қазақ энциклопедиясы". Ақкүтір ауылы 2007 жылдан бастап Х.Ерғалиев ауылының құрамына енгізілген.Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жалпы сипаттама Округ оңтүстігінде Каспий теңізімен, шығысында Махамбет ауданы, батысында Тұщықұдық және Аққыстау ауылдық округтерімен, солтүстігінде мемлекеттік жер қорымен шектеседі. Округ жер аумағы 295471 мың гектар.Жаңарған өңір. «Ағатай» баспасы 2011, ISBN 978-601-7018-76-4

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3897 адамды (2016 ер адам және 1881 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Х.Ерғалиев 2872 3347 3451 3719 Ақкүтір 252 - - Ауқайраң - 255 140 46 Жасқайрат 291 287 304 132

Тарихы 1928 ж. Новобогат ауданы құрылғанда Новобогат селосы аудан орталығы болып бекітілді. Алғашқы білім ордасы - Амангелді орталау мектебі ашылды. Қамысқала құм өңірінен ат, түйе көліктерімен келіп қатынайтын аудан халқының бас қосар ортасына айналды. 1954 жылдарда құралған МТС (машина-трактор стансалары) осы ауылдағы Ембі аталатын жерден ашылып, базалық құрылыстар салынды. Еліміз егемендік алған жылдардан бері Новобогат селосы аталып келген ауыл 2008 жылғы сәуірдегі Атырау облыстық мәслихатының сессиясы шешімімен Қамысқала ауылдық округі жаңа атауға ие болды. Әлеуметтік нысандары Округте 2 орта мектеп, бастауыш мектеп, саз мектебі, мәдениет үйі, 2 балабақша, аурухана, пошта бөлімшесі, телефон статсасы, 2 жанар-жағармай бекеті, 2 тойхана, 2 кафе-бар т.б. әлеуметтік нысандар бар (2018 ж.) Ауылдық округке қарайтын Ауқайраң, Жасқайрат елді мекендері де өсіп өркендеуде. Шаруа қожалықтары Тәуелсіздік жылдарында 71 шаруа қожалығы құрылып оларда 145 адам еңбек етуде. Шаруа қожалықтары мен жеке секторды қоса есептегенде, округ бойынша 3953 бас мүйізді ірі қара, 3837 бас қой, 1109 бас ешкі, 3390 бас жылқы, 1213 бас түйе малы бағылып, олардан түскен өнім халықтың тұтыну рыногын қамтамасыз етуде. «Кабибулин», «Бекет», «Серижан» шаруа қожалықтары мүйізді ірі қараны асылдандыру жұмыстарын қолға алып, ет өнімін өндіру бағытында игілікті жетістіктерге жол ашып отыр.Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0 Селолық кеңес төрағалары, округ әкімдері:

Жұмағали Иманғалиев Жұбатқали Жасмағамбетов Сұлтанғали Қазиев Қалмен Мырзашев Едіге Мамаев Құби Мусин Шамғон Қалиев Есжан Есенбергенов Ғалым Сатқанов Сәбила Сәлімова Иба Суханова Сәдуақас Әдиев Ұлыш Сапарғалиева Бағытжан Қыдырова Хамидолла Сүндетов Ибраим Қарабалин Қабдреш Әженов Ізбасқан Хисин Асылбек Мажанов Қабдіғали Ғұбашев Орынбай Дәулетияров Бағыт Қадырова Жайдарбек Зайдуллин Қажығали Науанов Самат Қайырденов Мұғи Түсіпқалиев Бекболат Мусин Сансызбай Сәменов Рафиғат Тажиденова.

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы ауылдық округтері