Жебірәйіл Турағұлұлы Құнанбаев (1903 - 1930) — Абайдың немересі, домбырашы, скрипкашы, әнші. Өмірбаяны Оспан асырап алып, өз атына жаздырған. Жебірәйіл Ресейдің Томск қаласында орыс мектебінде, сондағы университетте оқыған. Сонда Абайдың өлеңдерін жиі-жиі сахнада орындап жүрген. Абай ауылы жастарының бастарын қосып, скрипка, домбыра, мандолина, сырнай, қобыз аспаптарынан оркестр ұйымдастырған. Ол сауықшыл жастардың өтінішімен "Еңлік-Кебек" пьесасын жазып, оны Ақылия Түрағұлқызының ұзатылу тойында Әйгерімнің отауында сахнаға шығарды.
Жебірәйіл Семей мен Түмен қалаларында орыс мектептерінде оқыды. 1927 ж. жер аударылды. 1930 ж. оны Ташкент қаласына шақырып, Орта Азия ауыл шаруашылығы техникумына оқуға кіргізді. Жебірәйіл ұлы жазушының қарындасына үйленген. Жебірәйілдің Алыпарыслан есімді ұлы Ұлы Отан соғысында қаза тапты.Мұхтар Әуезов. Энциклопедиясы. – Атамұра. – 2011. – 688 б.
Дереккөздер
Санат:1903 жылы туғандар Санат:1930 жж. қайтыс болғандар Санат:Абайтану