Ninety One немесе 91 (, ) — JUZ Entertainment агенттігінің 2015 жылы «Айыптама» атты синглмен дебют алған, 4 мемберден тұратын қазақстандық бойз-бэнд. Топ мүшелері: ALEM, ACE, ZaQ және BALA. Экс рэпері A.Z. Азамат Зенкаев 4 тамызда 2020 жылы топ қатарынан ресми түрде шықты. Топ K-pop жанрынан бастау алып, Q-pop (Qazaq-pop) жанрының іргесін қалады. Топтың бас продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.
Тарихы Ninety One - миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы Қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін таныстырды. Ән көптеген музыкалық чарттардан алғашқы орындарды иеленіп, бейнебаяны мен топ мүшелерінің сырт келбеттері адамдардың қызығушылықтарын тудырды. Ары қарай, шығарылған күні-ақ хит болған мини-альбомдар мен синглдер халық назарына арты-артынан ұсыныла бастады. Бейнебаяндар YouTube желісінде көп қаралымдар жинап, 120 елдің музыкалық чарттарында бой көрсетті.https://the-steppe.com/lyudi/91
2015: Айыптама әнімен дебют алуы Ninety One тобы 2014 жылы болған K-Top Idols жобасының негізінде KTI-boys деген атаумен құрылған. ZAQ пен A.Z бұл жобаның жеңімпаздары болған, ал ALEM мен BALA топқа кастинг арқылы қосылды. ACE SM Entertainment агенттігінде 2,5 жыл стажер болып, топқа қосылды. KTI-boys 1,5 жыл бойы күрделі дайындықтан өтіп, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Ninety One атауымен алғашқы "Айыптама" синглын жарыққа шығарды. Дәл сол жылдың 8 қазан айында осы әнге бейнебаян түсіріліп, халық назарына ұсынылды. Клип Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы үздік атанып, 31 наурыз күні топқа Gakku TV арнасының арнайы сыйлығы табысталдыNinety One-ның алғашқы жетістігі. Gakku Top Ten шеруінде түбегейлі өзгеріс! . 2015 жылдың 1 желтоқсанында топтың «Айыптама» атты дебюттік мини-альбомы жарық көрді. Альбомның презентациясы 1 желтоқсан күні Алматы қаласында өтсе, 8 желтоқсан күні Астана қаласында Хан Шатыр ойын-сауық кешенінде өткізілді.
2016: Қайтадан 2016 жылдың 3 ақпанында Ninety One тобының «Айыптама» альбомы «Apple Inc.» компаниясының iTunes медиаплееріне енгізілдіAiyptama - EP in iTunes. 2016 жылдың 2 маусымында Алматы қаласында топтың «Қайтадан» әніне кезекті бейнебаян жарыққа шықты, ал 5 маусым күні Астана қаласында клиптің тұсаукесері өтті. Бұл бейнебаян да Gakku TV арнасында Top-10 шеруінде 20 апта бойы 1 орында тұрып кезекті «Gakku Top Ten» арнайы сыйлығын иеленді. 2016 жылдың 4 қыркүйегінде Астана, ал 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өнерлеріне 1 жыл толуына орай жеке концерттерін берді. Сол жылы топ Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Семей, Петропавл, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында өзінің жеке концерттерін беріп, 23 шілде - 5 тамыз аралығында Қытайда өткен Орда тобының жеке концертіне қатысты.
2017: "QARANGY ZHARYQ" 2017 жылдың 1 мамырында төрт айлық үзілістен кейін топ «QARANGY ZHARYQ» атты жаңа толық альбомына енген «Su asty» әніне түсірілген бейнебаянмен сахнаға қайта оралды (comeback). Әннің тұсауы НТК телеарнасында кесілдіNinety One "Су асты" атты жаңа туындысының тұсауын кесті . «QARANGY ZHARYQ» альбомының алғашқы бөлімінің тұсаукесерінде жігіттер аталмыш альбом бес шағын альбомнан тұратындығын және әр альбомға екі ән енетіндігін айтты. Сонымен қатар альбомның ішінде Қазақстандық алғашқы комикс - пайым («paiym») жарыққа шақты. Пайым атауы - Su Asty Corporation. Қазіргі кезде альбомның тек 2 бөлімі жарық көрді. 2017 жылдың 2 шілдесінде 91 тобы "QARANGY ZHARYQ" атты ресми турын Талдықорғанда бастап, Қазақстанның Тараз (4 шілде), Орал (7 шілде), Ақтау (9 шілде), Қостанай (11 шілде), Өскемен (13 шілде) және Семей (14 шілде) сияқты қалаларында өздерінің жеке концерттерін қойып, 16 шілде күні Қарағанды қаласында турларын аяқтады.
Топ атауы Топ атауы алғашында KTI-boys болған. Одан 91- ге ауысты. Топтың "NINETY ONE" деп аталуын топ мүшелері Қазақстан Республикасының 1991 жылы алынған тәуелсіздігімен түсіндіреді. Топ бұнымен өздерін де, өз музыкасының, стилінің тәуелсіз екенін көрсеткісі келді.
Сын Ninety One тобы құрылған сәттен бастап, сыртқы келбеттеріне сын айтушылар саны көп болды. Топтың алғашқы бейнебаянына әлемнің 120 мемлекеті назар аударып, 50-ден астамы видео-реакция түсіріп, өнерлерін мойындағанымен, Қазақстанның орта буыны қабылдамады. Мәселен, Жігіттер тобының мүшесі Бағлан Әбдіраймов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосынов, Төреғали Төреәлі сияқты өнер адамдары топқа қарсылықтарын білдірді. Ал Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов cынды әртістері және өнер жолындағы жас буын топты қолдап шықты. Сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ұйымдастырушылардың жауапкершілігінің төмен болуына байланысты топтың жеке концерттері болмай қалды. Шымкент және Ақтөбе қалаларында концерттерінің болмай қалған оған аға буын өкілдері қарсы шыққан болатын.
Топ әндері
Айыптама Қайтадан Қалай қарайсың? Ұмытпа Қайырлы түн У Ля Tap-Tap Бүгінгі күннен Su Asty, Yeski Taspa Bii' M.B.B.A.B.B.D Bayau Mooz Sau Ah!Yah!Mah! E.YEAH ALL I NEED BOYMAN Why'm Men emes Bári biled Kóilek Olar Señorita Oinamaqo Nice Weather Taboo (feat. Ирина Кайратовна) Darn Jurek Bope Abuse Bata Qooma Suraqtar
Топ мүшелері Лақап аты Шынайы есімі Туған күні Туған жері Топтағы орны ALEM Малік Батырхан Абайұлы 18 ақпан 1993 жыл , Үшқұдық вокалист, топтың үлкені ACE Азамат Қайратұлы Ашмақын 29 тамыз 1993 жыл , Алматы лидер, вокалист, жетекші биші,топ келбеті ZaQ Дулат Болатұлы Мұхаметқали 8 ақпан 1996 жыл , Семей бас биші, рэпер BALA Данияр Ақылбайұлы Құлымша 19 ақпан 1998 жыл , Ақтөбе бас вокалист, кенже
A.Z Азамат Байболатұлы Зенкаев — топ лидері, рэпер, 1993 жылдың 28 қыркүйегінде Атырау қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен басқа әпкесі және інісі бар. 2004 жылдан бастап рэпке қызығушылық пайда болып, фристайл баттлдарға қатысқан. 2006 жылдан бастап андэрграунд рэппен профессионалды тұрғыда айнылысады. K-TOP IDOLS жобасының жеңімпазы.
2020 жылы 5 тамызда "ninetyone" инстаграм парақшасында, Азамат Зенкаев топтан кететіні туралы ресми түрде хабарланды.
ALEM Батырхан Абайұлы Мәлік — топ вокалисті, топтың үлкені. 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек ағасы және қарындасы бар. Ресейдің Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған. «Қазақстан Дауысы» атты республикалық вокалды телевизиялық шоу жобасының финалисті. Х-фактор жобасының жартылай финалисті. Барселона (Испания), Берлин (Германия) және Ресей қалаларында өткен халықаралық конкурстар лауреаты.
ACE Азамат Қайратұлы Ашмақын — топ вокалисті, топтың көшбасшысы, жетекші биші, 1993 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Інісі бар. Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Оңтүстік Кореялық продюсерлік SM Entertainment () атты музыкалық агенттік аясында 2012-2015 жылдары Корея Республикасында білім алып келген. Сондықтан қазақ және орыс тілдерінен бөлек корей тілін біледі. Тілдерге деген қызығушылығы өте жоғары. Мистикалық және эзотерикалық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.
ZАQ Дулат Болатұлы Мұхаметқали — хореограф, рэпер, 1996 жылдың 8 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Үржар ауданы Үржар ауылындағы "Ілияс Жансүгіров" атындағы орта мектепте 11 жыл оқыған. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Орыс тілінен халықаралық олимпиада жеңімпазы. "K-TOP IDOLS" жобасының жеңімпазы. Жас Отан партиясының мүшесі.
BALA Данияр Ақылбайұлы Құлымша — топ вокалисті,макнэ. 1998 жылдың 19 ақпанында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек інісі және қарындасы бар. Сурет салғанды ұнатады. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің 1 курс студенті. «Brotherhood» аспапты тобының бұрыңғы мүшесі.
Бұрынғы топ мүшелері A.Z Азамат Байболатұлы Зенкаев
Таймлайн
Фандом Топтың фандомы - EagleZ. «EagleZ» ағылшын тілінен аударғанда "қырандар" деген мағына білдіреді. Соңындағы "Z" әрпінің қойылу ерекшелігі де бар. Бұл тыңдаушылардың қазіргі "Z буыны" екендігін көрсетеді. "EagleZ" атауы топтың атымен тығыз байланысты. Топ мүшелері жанкүйерлерін еркін, биіктегі қыранға теңейді. Жігіттер өздерінің талантымен тек Қазақстанда емес, сонымен қатар Ресей, Украина, Ұлыбритания, Түркия, Оңтүстік Корея, Америка Құрама Штаттары, Канада, Қытай және басқа мемлекеттерде әйгілі болып, EagleZ-дың саны көбеюде. Шетелдік жанкүйерлер бейнебаян және видеоларына реакция түсіріп, әлеуметтік желілерге жіберіп отырады.
Дискография
Синглдер Ән атыШыққан күніАльбомАйыптама01.09.2015"Айыптама" альбомыҚайтадан26.01.2016"Айыптама" альбомыҚалай қарайсың?10.02.2016"Айыптама" альбомыҚайырлы түн02.06.2016 "Айыптама" альбомыҰмытпа02.06.2016 "Айыптама" альбомыЛя28.05.2017"Qarangy Zharyq" альбомыSu Asty01.05.2017"Qarangy Zharyq" альбомыYeski Taspa Bii`05.06.2017"Qarangy Zharyq" альбомыБүгінгі күннен30.06.2017"Qarangy Zharyq" альбомыBayau10.07.2017"Qarangy Zharyq" альбомыMooz21.08.2017"Qarangy Zharyq" альбомыУ28.03.2018"Qarangy Zharyq" альбомыAh!Yah!Mah!31.12.2017"Qarangy Zharyq" альбомыSau28.03.2018"Qarangy Zharyq" альбомыE.YEAH25.06.2018"DOPAMINE" альбомыALL I NEED08.08.2018"DOPAMINE" альбомыBOYMAN12.10.2018"DOPAMINE" альбомыWhy'm01.01.2019"DOPAMINE" альбомыMen emes29.07.2019"MEN EMES" мини-альбомыBari Biled05.08.2019"MEN EMES" мини-альбомыKoilek12.08.2019"MEN EMES" мини-альбомыOlar20.08.2019"MEN EMES" мини-альбомыTABOO25.12.2020"91" альбомыDrift29.12.2022
Альбомдар/Мини-альбомдар №Альбом/Мини-альбомАқпарат1.Мини-альбом "Айыптама" Презентациясы 2015 жылдың 1 желтоқсанында өтті (Алматы), 17 желтоқсан (Астана)2."Qarangy Zharyq" альбомы"Qarangy Zharyq" part 1 презентациясы 2017 жылдың 28 мамырында өтті (Алматы) "Qarangy Zharyq" part 2 презентациясы 2017 жылдың 30 маусымында өтті (Алматы)3."DOPAMINE" альбомы Презентациясы 2018 жылдың 25 маусымында өтті.4."MEN EMES" мини-альбомыАлғашқы сингл 2019 жылдың 29 шілдесіне шықса, алльбомның соңғы әні сол жылдың 20 тамызында шықты (Алматы).5."EP" альбомы2020 жылдың 6 қарашасы.
Видеография
Бейнебаяндар +№АтыШыққан күні1.Айыптама08.10.20152.Қайтадан02.06.20163.Қалай Қарайсың?12.12.20164.Su Asty01.05.20175.Yeski Taspa Bii` 20.06.20176.Bayau07.07.20177.Mooz21.08.20178.Ah!Yah!Mah!31.12.20179.E.YEAH25.06.201810.ALL I NEED08.08.201811.Why'm01.01.201912.Men Emes01.08.201913.Bari Biled08.08.201914.Senorita (Tekketekke)22.09.202015.Oinamaqo21.12.202016.Taboo (ft.Ирина Кайратовна)25.12.2020
Ninety One SPACE Ninety One SPACE - топтың күнделікті өмірі жайлы бейне-күнделік.
1 маусым Ninety One SPACE (N.O.S.)Шыққан күніN.O.S №00131.01.2016N.O.S №00220.02.2016N.O.S №00308.03.2016N.O.S №00420.03.2016N.O.S №00514.11.2016 N.O.S №00601.12.2016 N.O.S №00731.12.2016N.O.S №00813.02.2017N.O.S №00922.03.2017 2 маусым Ninety One SPACE (N.O.S.)Шыққан күніNinety One SPACE S2 EP.0 - START25.11.2018Ninety One SPACE S2 EP.1 - E.YEAH02.12.2018Ninety One SPACE S2 EP.2 - TURKEY part I09.12.2018Ninety One SPACE S2 EP.3 - TURKEY part II17.12.2018Ninety One SPACE S2 EP.4 - Біздің күндер24.12.2018Ninety One SPACE S2 EP.5 - Happy New Year, Eaglez!31.12.2018 3 маусым Ninety One SPACE (N.O.S)Шыққан күніNinety One SPACE S3 EP.1 - Welcome back, Korea!14.03.2019Ninety One SPACE S3 EP.2 - Jejuda18.03.2019Ninety One SPACE S3 EP.3 - Mysterious Road21.03.2019Ninety One SPACE S3 EP.4 - Manjanggul cave26.03.2019Ninety One SPACE S3 EP.5 - Jusangjeolli Cliff03.2019Ninety One SPACE S3 EP.6 - Seongsan Ilchulbong02.04.2019Ninety One SPACE S3 EP.7 - Busan "Sea Life" Aquarium 05.04.2019Ninety One SPACE S3 EP.8 - Oryukda Skywalk09.04.2019Ninety One SPACE S3 EP.9 - SPA LAND Centrum City12.04.2019Ninety One SPACE S3 EP.10 - #HBDALEM & LOTTE WORLD17.04.2019Ninety One SPACE S3 EP.11 - NANTA & MBC World24.04.2019
Special Edition