Қызылқия – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылының солтүстігінде 11 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 531 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Аққияқ, шығысында Қасқабұлақ көлі, батысы мен оңтүстігінде Қараоба таулары бар.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бұта аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары