Каннелтондағы L-188 ұшағымен орын алған апат — Northwest Airlines әуе компаниясының Lockheed L-188C Electra ұшағымен 17 наурыз 1960 жылы орын алған ірі ұшақ апаты. Авиалайнер 63 адамымен Чикагодан Майамиге қарай жолаушылар тасымалы рейсін жасаған, әуеге көтерілгеніне бір сағатқа жетпей-ақ Перридің (Индиана штаты) маңында аспан ашық уақытта кенеттен ұшақтың қанаттары сынып, ұшақ Каннелтон қаласының аумағында жерге құлады, борттағы барлық адам қаза тапты.
Аталған оқиға 29 қыркүйек 1956 жылғы Буффалоға (Техас штаты) жақын жерде Braniff Airways әуе компаниясының Lockheed L-188C Electra ұшағымен орын алған оқиғадан жарты жыл өткеннен соң тура сондай жағдайда болдыНазвание дано согласно итоговому отчёту.. АҚШ азаматтық авиациясы федералдық басқармасының бірнеше жиналыстарынан кейін, аталған ұшақты қайта бағалауды жүргізу тапсырылды. Аталған бағдарлама барысында НАСА ғылыми-зерттеу орталығы L-188 моделі өнімін бірнеше рет сынақтан өткізді және түрлі тәжірибелердің арқасында апаттың салдарын анықтады: ұшақ апатына авиацияның ескі дұшпаны — әуе винті дірілі себеп болған, яғни жаңа турбиналы-винтті ұшақтардың жылдамдықтары, сонымен қатар әуе винттерінің айналымы да артқан болатын, ол қозғалтқышты тербеген, соның салдарынан ұшақ қанаттары сынып кеткен.
Ұшақ Lockheed L-188C Electra ұшағы N121US тіркеу нөмірімен (зауыттық — 1057) 1959 жылы шыққан, америкалық тапсырыс беруші Northwest Airlines (олар өздерін жарнамада Northwest Orient Airlines деп атады) әуе компаниясына 19 шілдеде тапсырыс берілген, келесі күні алдырылған. Оның төрт турбиналы-винтті қозғалтқыштары Allison фирмасының 501-D13 моделі және әуе винті Aero Products (Allison және Aero Products - General Motors-тың бөлімшелері) фирмасының A644-FN-606 өнімі моделімен жабдықталған. N121US бортының жалпы атқарған жұмыс көлемі 1786 ұшу сағатын құраған, оның ішінде 74 сағаты 9 наурыз 1960 жылғы соңғы кезеңдік тексеруге кеткен. Registration Details For N121US (Northwest Orient Airlines) L-188 Electra-C (ағылш..
Экипаж Ұшу экипажында (кабинаның ішінде) екі ұшқыш және бортинженері болған: Әуе кемесінің командирі — 57 жасар Эдгар Э. Лэпарл Edgar E. Laparle). Northwest әуе компаниясында 15 наурыз 1937 жылдан бастап жұмыс істеген, 4 маусым 1940 жылға дейін ұшақ командирі қызметіне көтерілген. Curtiss-Wright C-46 Commando, Boeing 377 Stratorcruiser Douglas DC-3,-4,-6, Martin 2-0-2 және Lockheed L-188 Electra типті ұшақтарының ұшқышы, сонымен қатар жеке ұшқыш лицензиясы болатын. Оның жалпы ұшу өтілі 27 523 сағатты, оның ішінде «Электрада» 254 сағатты құрады; Екінші ұшқыш— 27 жасар Джозеф С. Миллс (ағылшын тілінде Joseph C. Mills). Northwest әуе компаниясында 7 тамыз 1957 жылдан бері жұмыс атқарады. Оның жалпы ұшу өтілі 2974 сағат, оның 200 сағат 30 минутын «Электрада» өткізді; Бортинженер— 40 жасар Арнольд В. Коуол (ағылшын тілінде Arnold W. Kowal). Northwest әуе компаниясында 19 наурыз 1942 жылдан бері қызмет атқарған, онда Boeing 377 Stratocruiser, Douglas DC-6, -7 және Lockheed L-188 Electra типті ұшақтардың бортинженері біліктілігі болатын. Оның жалппы ұшу өтілі 5230 сағатты құрады, оның ішінде 63 сағат 36 минутын Electra-да өткізді. Салонда үш жолсерік және екі әйел аспансерік, бір ер аспансерік болды: Констанс М. Нютте (ағылшын тілінде Constance M. Nutter); Барбара А. Шрайбер (ағылшын тілінде Barbara A. Schreiber); Митчелл Д. Фостер (ағылшын тілінде Mitchell D. Foster).
Апат Бұл күні ұшақ өзінің күнделікті NW-710 жолаушы тасымалы рейсін Миннеаполис-Чикаго-Майами бағыты бойынша орындап отырған болатын. Ұшар алдындағы нұсқауда экипаж ұшу бағыты туралы ақпаратты және ауа райының болжамын алған болатын. Сонымен қатар метеоролог Флоридада найзағай болатынын ескертті және оңтүстік-шығыс штаттан қатты биіктен сорғалап жауын жауу бақыланған болатын, бұл жағдай күшейе түсетіні де белгілі еді, бірақ қолайсыздық туындаған жағдайда ұшу бағыты туралы нақты ақпарат болмады. Ұшу жоспарына сәйкес, Чикагоға дейінгі ұшу ұшқыш ережелеріне сәйкес құрылғы бойындағы эшелелонда 15000 футты (4600м) 340 түйін әуе жылдамдығымен 2, 97 және 6 әуе дәлізімен (Victor Airways) өтуі керек, одан кейін Мидуэй әуежайына қонуы керек еді; шамамен ұшу уақыты: 53 минут. 12:51-деЗдесь и далее указано Центральноамериканское время (CST) 710 рейс Миннеаполистен ұшып шықты және 13:55-те Чикагоға қонды.
Чикагода шамамен 30 минут тұрақтады, бұл уақытта лайнерге жанар-жағармай құйды, ал командир әуе компанияның офисіне барып, бағыт бойынша ауа райының жаңа ақпаратын алып келді. Ескере кететін жайт, Northwest-тің чикаголық кеңсесінде метеоролог болмаған. Экипажға берілген ұшу жоспарына сәйкес ұшақ Мидуэй әуежайынан бірінші «Виктор 53» әуе дәлізі бойынша Петеонға, одан «Виктор 171-ден» Скотлендге, «Виктор 243-тен» Чаттанугиге, одан кейін «Виктор 51W-ден» Атлантаға дейін, одан әрі «Виктор 97-тен» Олбаниге дейін, содан «Виктор 159W-тен» Кросс-Ситиге, одан «Виктор 7» бойынша Форт-Майерсаға, ең соңында «Виктор 35-пен» Майамиге дейін баруы керек еді. Ұшу ұшқыштардың ережесі бойынша құрылғы бойындағы эшелелонда 18000 футты (5500м) 337 түйін әуе жылдамдығымен ұшуы керек; шамамен ұшу уақыты: 3 сағат 37 минут.
Авиалайнер бортында барлығы 57 жолаушы (56 үлкен адам және 1 бала) және 6 экипаж мүшелері болған, ал жалпы ұшу салмағы 107661 фунтты (48834кг)-ті құрады, аталған рейстің максималды мүмкін болатын салмағы - 110590 фунт (50 163 кг), бұл Майамиге қону салмағы максималды салмақтан артпауы есебінен шыққан. Берілген ақпаратқа сәйкес центровка да қалыпты жағдайда болған. Ұшудың жоспарын алғаннан кейін, диспетчер экипажға хабарлады: NW 710-ге Майами әуежайына дейін Пеотон арқылы «Виктор 171-ден» Скотлендке дейін, одан әрі бағыты бойынша 18 000 [фут] биіктікпен ұшуға рұқсат етіледі. 14:38-де 710 рейсі Чикагодан Майамиге ұшып кетті.
14:45-те 710 рейсі Индианаполистегі әуе қозғалысын басқару орталығымен байланысты және Милфордтан, одан кейін 15:12.-де Скотлендтен, 15:35-те Боулинг-Гриннен 18000 фут (5500м) биіктіктен ұшып өткенін хабарлады. Бұл N121US бортының соңғы хабарламасы болды. Индианаполисте радиолокатор арқылы ұшақ Скотлендтен 7 миль (11км) жоқ болып көрінбей кеткенше бақыланды және оның ұшуы қалыпты өтті. 15:30-да диспетчер 124,6 КГц жиілігінде Индианаполисте 710 рейсіне Мемфис орталығымен байланысқа түсуге нұсқау берді, алайда бұдан әрі жауап болмады.
Шамамен 16:40-та Миннеаполистегі Northwest Airlines әуе компаниясының кеңсесіне авиалайнердің Каннелтонға жақын жердегі Индиана штатында құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. 15:25-те ұшақ жоғары жылдамдықпен Каннелтонның шығыс жағына алты милядай, Телл-Ситиге он милядай жерге координаты 37°54′38″ с. ш. 86°38′00″ з. д. / 37.91056° с. ш. 86.63333° з. д. / 37.91056; -86.63333 (G) (O) нүктесіне құлады. Борттағы 63 адамның бәрі қайтыс болды. Бұл апат құрбан болған адамы саны бойынша сол кездегі Индиана штатындағы бірінші, әлем бойынша жетінші орын алатын апат едіASN Aircraft accident Lockheed L-188C Electra N121US Cannelton, IN (ағылш..
Танымал жолаушылар Апат салдарынан Орталық барлау басқармасының агенті Чииоки "Чик" Икеда (ағылшын тілінде Chiyoki "Chick" Ikeda) қаза таптыRemembering CIA's Heroes: Chiyoki Ikeda (ағылш.). Центральное разведывательное управление (19 March 2009). Тексерілген 3 маусым 2015..
Алдын ала зерттеу
Куәгерлердің куәлігі Тергеу барысында жердегі апат болған орынға жақын жерде жүрген 75 куәгерден куәлік алынған. Олардың куәлігіне сәйкес, апат шамамен 15:15-де орын алған, бұл кезде ұшақтың төменгі шегарасында шамамен 4000 фут (1200 м) қашықтықта жекелей бұлт көшкіндері болғанымен, аспан ашық болған және айнала анық көрінген. Ұшақ солтүстіктен оңтүстікке қарай көлденең бағытта жоғары биіктікте ұшып бара жатқан, сол кезде күтпеген жерден екі үлкен емес бұлт пайда болады, бірнеше секундтан кейін ол екеуі бірігіп, үлкен қара бұлтқа айналады. Екі рет қатты жарылыс дауысы естілді де, түтінді бұлт арасынан үлкен нысан от пен жалынға оранып тіп-тік төмен қарай құлады. Артынша кішірек нысандар құлай бастады. Лайнер фюзелюжі өз кезегінде көлденең бағытта бірнеше секунд ұшты, содан кейін үлкен доға бойымен төмен зымырай бастады. Осыдан кейін жоғары жылдамдықпен жерге қадалды, соққының ауыр болғаны соншалық - қоқыс пен ұшақ сынықтары 250 фут (76)#cite_note-Report.E2.80.94.E2.80.94.E2.80.944-10 қашықтыққа ұшқан.
Бұл ауданда B-52 Stratoftress-тің үш бомбалаушысы және америкалық BBC-дің KC-135 Stratotanker үш май құюшысы болған. Олардың экипаждары 31000 фут (9400м)-32000 фут (9800м) биіктікті сақтай отырып, шамамен 710 рейсінің 170° курс бұрышында ауада май құйып алған болатын. Ұшқыштардың куәлігіне сәйкес, 15:32-де олар әуеден қара түтін көрді, олар бұл сәтте шамамен солтүстік-солтүстік-батысқа 26 теңіз милясындай жерде (48 км) болған, ал 15:39-да траверзде батысқа қарай 12 теңіз милясындай (22 км) жер жүрді, бұдан кейін бұл бұлт көзден таса болды. Бұлттың формасы бала денесінің үстіңгі бөлігіндей, ал түсі қара, мұнай өнімдерінің жанған кезіндегідей көрінді. Сонымен қатар бұлт солтүстік бағытқа арай созылыңқыраған еді. Оның жоғарғы жағы шамамен 25000 фут (7600) биіктікте болды, сонда ұшақтың төменгі бөлігі бұлт қатпарларына сүңгіді. Бақыланған жеті минут бойы бұлт формасы өзгермеді.
Аймақтағы ауа райы Сол күні Арканзас, Иллинойс, Индиана, Кентукки, Мичиган, Огайо және Теннеси штаттары антициклон ықпалында болды, жоғары бөлігі 30000 фут (9100 м) қашықтыққа созылып жатты. Метеостанцияның берген мәліметі бойынша, 710 рейсі ұшу бағытына жақын орналасқан жерде Чикагодан Терре-Хотаға дейін сәулесі әлсіз ағараңдаған бұлт қаптады, оның төменгі шегі 1500 футты (460м) құрады. Осы қатпарлардан 4000 фут (1200м) жоғары биіктікте Чикаго мен апат орын алған аймақ аралығында екінші ағараңдаған әлсіз сәулелі бұлт қатпары болды, ал оның Чикагоға жақын жердегі биіктігі 7000 футтан (2100 м) 7500 футқа (2300м) дейін, ал Луисвилл мен Эвансвиллге таман 6000 футқа (1800м), одан кейін 5000 футқа (1500м) дейін төмендеді. Осы екі бұлт қатпары арасында аспан ашық еді, көру мүмкіндігі шексіз болатын.
Ұшқыштардың берген есебі бойынша, сонымен қатар куәгерлердің куәлігіне сүйенсек, Иллинойс және Индиана штаттары аймақтарында желді градиент параметрлері анықталған. 18:00 CST Көлденеңінен ауа ағыны: 16000 фут (4900м) — 150° 39 түйін; 18000 фут (5500м) — 150° 52 түйін.
Тігінен ауа ағыны: Нашвилл: 16 000—18 000 фут — 10 түйін/1000 фут (300м); Дейтон: 16 000—18 000 фут — 2,4 түйін/1000 фут (300м).
Барлық облыстағы желдің градиенті: 18000 фут (5500 м) — Пеориядан Дейтонға дейін 50°; және Пеориядан Нашвиллге дейін 60°; 16000 фут (4900м) — Пеориядан Дейтонға дейін 40° және Пеориядан Нашвиллге дейін 30°.
06:00 CST Көлдененңінен ауа ағыны: 16000 фут (4900м) — 150° 48 түйін; 18000 фут (5500м) — 150° 80 түйін.
Тігінен ауа ағыны: Нашвилл: 16 000—17 000 фут — 26 түйін/1000 фут (300м); Дейтон: 16 000—18 000 фут — жоқ, 18 000—20 000 фут 5,5 түйін/1000 фут (300м).
Барлық облыстағы желдің градиенті: 18 000 фут (5500 м) — Пеориядан Дейтонға дейін 60°; 16000 фут (4900м) — Пеориядан Дейтонға дейін 50° және Пеориядан Нашвиллге дейін 40°. Сонымен қатар ұшақ экипажының баяндауларынан бірнеше жеткілікті мәліметтерді талдауға болады: 13:10 — F-101 Voodoo Дейтонның оңтүстігіне 50 милядай жерде 20 000 фут (6100м) биіктіктегі ашық аспанда қалыңдығы 500 футтық (150 м) қатты турбуленттілікке ұшырасты; 14:00 — Lockheed Electra T-33 ұшағы Цинциннатидің үстінде 20 000 футтан (6100м) 25 000 футқа (7600м) дейінгі биіктікте қатты турбуленттілікпен ұшырасты; 14:30 — Lockheed Electra 21 000 фут (6400м) биіктіктегі Нью-Хоуп (Кентукки штаты) үстінде реактивті ізбен шекаралас жерде 10—15 C° температураның төмендігімен ұшырасты, сонымен қатар қаттты турбуленттілік және әуе жылдамдығының тербелуі орын алды; 15:15 — көрсетілмеген типтегі ұшақ Колумбустың үстінде 11 000 футтан (3400м) 17 000 футқа (5200м) дейінгі биіктікте қатты турбуленттілікке ұшырады;