«Оскар» сыйлығының 1-ші марапаттау рәсімі — Америкалық Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясының 1927 және 1928 жылдардағы үздік туындыларын марапаттау кеші. Рәсім 1929 жылдың 16 мамырында Голливудтағы «Рузвельт» қонақ үйінде өтті.
Ол кезде марапат әлі «Оскар» деп аталмайтын, ал үміткерлерге «Құрмет грамоталары» (англ. Honorable Mention) табысталды. Бар болғаны 15 минутқа созылған шараға 250 адам қатысып, кіру билеті үшін 5 доллар төледі. Рәсімді Академия президенті атақты актер Дуглас Фэрбенкс жүргізді.
Жеңімпаздардың есімі марапаттау кешінен үш ай бұрын белгілі болатын. Нәтижелер баспасөз беттерінде рәсіммен бір мезгілде жарияланып тұрды. Бұл дәстүр 1945 жылға дейін жалғасты. Алайда, «Los Angeles Times» газеті жеңімпаздар тізімін рәсім басталмай тұрып жариялап жіберген соң, келесі жылдан бастап құпия конверттер жүйесі енгізілді.
Алғашқы марапатқа 1927-1928 жылдары жарық көрген туындылар ұсынылды. Сол кезеңде «Үздік фильм» аталымы екі номинацияға («Үздік фильм» және «Бірегей көркемдік орындау») бөлінгендіктен, түрлі дереккөздерде жыл үздігі ретінде екі бөлек фильм көрсетіліп жатады. Актерлер нақты бір рөлі үшін емес, жыл бойы түскен барлық фильмдерінің жиынтығы бойынша марапатталды. Сонымен қатар, бұл кеш «Мылқау киноның үздік титрлері» мен «Бірегей көркемдік орындау» номинациялары берілген тарихтағы алғашқы әрі соңғы рәсім болды.
Жеңімпаздар мен номинанттар 1-ші «Оскар» марапатында (1927–1928) үміткерлер нақты бір фильм үшін, бірнеше фильм үшін немесе ешқандай фильмге сілтеме жасалмай-ақ номинация алуына мүмкін болды.
Номинанттар тізімі 1929 жылғы 2 ақпанда жарияланды. Төмендегі тізімде жеңімпаздар бірінші болып жуан қаріппен жазылған.
«Қанаттар» (Wings) — Paramount Famous Lasky «Рэкэт» (The Racket) — The Caddo Company «Жетінші аспан» (7th Heaven) — Fox «Күннің шығуы» (Sunrise) — Fox «Чанг: Джунглидегі драма» (Chang) — Paramount Famous Lasky «Тобыыр» (The Crowd) — Metro-Goldwyn-Mayer Льюис Майлстоун — «Екі араб рыцарі» (Two Arabian Knights) Чарли Чаплин — «Цирк» Тед Уайлд — «Жүйрік» (Speedy) Фрэнк Борзейги — «Жетінші аспан» Герберт Бренон — «Соррелл және ұлы» (Sorrell and Son) Кинг Видор — «Тобыыр» (The Crowd) Эмиль Яннингс — «Соңғы бұйрық» (The Last Command) және «Барлық тәннің жолы» (The Way of All Flesh) Ричард Бартелмесс — «Сыртмақ» (The Noose) және «Былғары қолғапты бала» (The Patent Leather Kid) Чарли Чаплин — «Цирк» Джанет Гейнор — «Жетінші аспан», «Көше періштесі» (Street Angel) және «Күннің шығуы» Луиза Дрессер — «Кеме келді» (A Ship Comes In) Глория Суонсон — «Сэди Томпсон» (Sadie Thompson) «Жер асты әлемі» (Underworld) — Бен Хект «Цирк» — Чарли Чаплин «Соңғы бұйрық» — Лайош Биро «Жетінші аспан» — Бенджамин Глейзер «Даңқты Бетси» — Энтони Коулдэвей «Джаз әншісі» — Альфред Кон «Көгершін» (The Dove) — Уильям Кэмерон Мензис «Дауыл» (Tempest) — Уильям Кэмерон Мензис «Жетінші аспан» — Гарри Оливер «Күннің шығуы» — Рохус Глизе «Күннің шығуы» — Чарльз Рошер және Карл Струс «Ібіліс бишісі» (The Devil Dancer) — Джордж Барнс «Сиқырлы жалын» (The Magic Flame) — Джордж Барнс «Сэди Томпсон» — Джордж Барнс «Қанаттар» — Рой Померой Нақты фильмсіз — Ральф Хаммерас Нақты фильмсіз — Наджент Слотер Джозеф Фарнем (нақты фильмсіз) Джералд Даффи — «Троялық Еленаның жеке өмірі» Джордж Марион (кіші) — (нақты фильмсіз)
Арнайы марапаттар Чарли Чаплин — «Цирк» фильміндегі актерлік шеберлігі, сценарийі, режиссурасы және продюсерлік жұмысы үшін. Warner Bros. — «Джаз әншісі» фильмін түсіріп, кино өнерінде дыбыс төңкерісін жасағаны үшін.
Сілтемелер 1-ші марапаттау рәсімінің жеңімпаздары мен номинаттары .
Дереккөздер
Санат:Оскар сыйлығын тапсыру рәсімдері