Ащыкөл – Сарысудың төменгі бөлігі Боқтықарын өзенінің құйылысындағы көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Шиелі ауданы жерінде орналасқан. Солтүстігі Бетпақдала, оңтүстігі Мойынқұмға жалғасады.
Гидрографикасы Аумағы 74,2 км2. Жағасы жайпақ, құмды келген. Жалпы ойысында Телікөл, Ақжайқын және Ащыкөл шаралары қалыптасқан. Ойыстың шығысын Тоғызкентау, оңтүстігін Қатыншоқай құм массиві алып жатыр. Атырабы – мал жайылымы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Сарысу су алабы Санат:Шиелі ауданы көлдері