Достық — Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл, Достық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Мырзакент кентінен солтүстік-батысқа қарай 16 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22982594 3163 121,9 1297 1607 123,9 1297 1556 120

Тарихы Негізі 1946 жылы «Путь к коммунизму» мақта ұжымшарының құрылуына байланысты қаланып, Ждановское ауылы аталған. 1991-1997 жылдары Достық ұжымшары деп аталды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.

Инфрақұрылымы «Достық» мәдениет үйі, орта мектеп, емхана, кітапхана бар. Ауылдан мақта өсірушілер бригадирі Социалистік Еңбек Ері Ли Гым Ие шыққан.

Дереккөздер

Санат:Мақтаарал ауданы елді мекендері