(108) Гекуба (көне грек Ἑκάβη) — ашық спектрлік S сыныбына жататын басты белдеудің үлкен астероиды. Астероидтың орбитасы Гигей тұқымдастарының орбиталарына жақын орналасса да, оның құрамына кірмейді. Себебі (10) Гигеяның құрамы С сыныбының қара астероидына жатса, (108) Гекубаның құрамы силикатты болып табылады.
Астероидтың температурасы 81 К-дан 215 K-ге дейін өзгере алады (192°C-дан (-58) °C-ға дейін).
Оны Дюссельдорф обсерваториясында неміс ғалымы Роберт Лютер 1869 жылы 2 сәуірде ашқан болатын. Астероидтың аты көне грек мифологиясына байланысты Приама патшаның әйелі Гекубаға байланысты қойылған. left|thumb|599x599px|Гекуба астероидының орбитасы
Санат:Алфавит бойынша астероидтар