Конхоида (грек. konchoeіdes – бақалшаққа ұқсас) – берілген қисық сызықтың әрбір радиус-векторын бір d шамаға ғана өсіру (немесе кеміту) арқылы алынатын жазық қисық сызықтың полярлық теңдеуі =f() түрінде болса, онда оның Конхоидасының полярлық теңдеуі '=f()d түрінде болады. Әдетте түзудің Конхоидасын Конхоида немесе Никомед конхоидасы деп атайды. Егер полярлық осьті берілген түзуге перпендикуляр орналастырсақ, онда Никомед Конхоидасының полярлық теңдеуі былай жазылады: . Никомед конхоидасы – 4-ретті алгебралық қисық сызық, оның декарттық координаталар жүйесіндегі теңдеуі былай өрнектеледі: (x–a)2(x2+y2)–d2x2=0. Әдебиет Қазақ Энциклопедиясы, 11-том

Дереккөздер

Санат:Геометрия