Далалық шіл () – тауықтәрізділер отрядының Қырғауылдар тұқымдасының ақшыл реңді, шағын денелі (200 г шамасында) тауықіспетті құс.
Далалық шілдің аталығы қызыл қошқыл қызғылт реңктің сұр реңді, маңдайы және көз үстіндегі жолағы – қара, тұмсығы – қызыл сары, дененің екі қапталында тат түсті жиекпен көмкерілген жалпақ қара жолақтар орналасады. Аналығы көмескілеу реңкті болып келеді. Ирак, Иран, Ауғанстан, Пәкістан және Орта Азияда қоныстанады. Қазақстанда тек қана Үстірттегі Сам құмында кездескен. Ұялау тіршілігінің егжей-тегжейі беймәлімҚұстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Еуразия құстары Санат:Қырғауылдар