Көксу каналы – Жетісу облысы Көксу, Қаратал аудандары арқылы ағатын канал. 1939-40 жылдары салынған; кейіннен бірнеше гидротехикалық құрылыстармен ұлғайтылды. Көксу өзені бойындағы Көксу темір жол станциясы тұсынан басталады.

Гидрологиялық сипаты Жалпы ұзындығы 103 км, оның ішінде негізгі магистралы 42 км, осыдан тарайтын 10 тармақтың ұзындығы 61 км. Канал табанының ені 5 – 10 м, беті 8 – 15 м, тереңдігі 1,2 м. Орташа су ағымы 25 м³/с. Қаратал, Ескелді би, Көксу аудандары шаруашылықтарының 20 мың га-дан астам егістігін және бау-бақшасын суғарады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы каналдары