Talan Towers — Қазақстанның Астана қаласында орналасқан қоғамдық- іскерлік кешен. Кешен подиумнан және ішінде кеңселер, сауда орындары, қонақ үй мен тұрғын жайлары бар екі зәулім ғимараттан тұрады. 30 қабатты Talan Towers Offices зәулім ғимаратында бизнес орталық, ал 25 қабатты ғимаратта The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі мен резиденциялар орналасқан. Екі ғимарат өзара сауда галереясымен қосылған. Жалпы аумағы — 106 194 м². Қазақстанның «Верный Капитал» компаниялар тобының тапсырысы бойынша салынып, 2017 жылы ашылған.
2018 жылғы наурызда жоба LEED GOLD сертификатын алды.
Тарихы Talan Towers көпфункциялы кешенінің құрылысына дайындық жұмыстары 2012 жылы басталды. 2013 жылдың 18 маусымында іргетасы қаланды. Құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңі 2016 жылы күзде, ал екіншісі — 2017 жылы көктемде аяқталды. 2017 жылдың 3 маусымында The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің ғимараты ашылды. Ал 2017 жылдың қыркүйегінде Talan Towers Offices бизнес орталығының зәулім ғимараты ашылды.
2018 жылдың 15 наурызында Talan Towers LEED халықаралық сертификатын GOLD санаты бойынша алды.
2019 жылдың қыркүйегінде Talan Towers Executive Hub кеңселік кеңістігінің тұсаукесері болып өтті. Кейінірек, тағы осы айда Talan Gallery атты үш қабатты сауда галереясы ашылды. Ол Talan Towers сәулеттік кешенінің бір бөлігі болып табылады.
2019 жылдың 13 қарашасында Talan Towers ғимараттарында Tesla Supercharger зарядтау қондырғылары орнатылды. Бұл Tesla компаниясының ТМД аумағындағы ресми түрде ұсынылған ең бірінші зарядтау қондырғылары.
Сәулеті мен дизайны Жобаны жүзеге асыруға 100 шақты компания қатысты, олардың арасында дизайнерлік бюролар, кеңесшілер мен мердігерлер бар. Құрылыс жұмыстарына қатысушыларды үйлестірумен АҚШ-тың Turner International компаниясы айналысты. Talan Towers ғимараттарының сәулетттік концепциясын АҚШ-тың SOM (Skidmore, Owings & Merrill) компаниясы жасады, ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бурдж-Халифа, АҚШ-тағы John Hancock Center, Трамп-тауэр, сондай-ақ World Trade Center және Freedom Tower зәулім ғимараттарының жобасын жасаған. Ғимараттарды тұрғызумен Renaissance, Metal Yapi, KONE, KUKBO, «Энергопроект» және «Элит Констракшн» құрылыс компаниялары айналысты. Кешен нысандарының дизайнын жасауға бірден бірнеше компания атсалысты: Pringle Brandon Perkins + Will, Callison и Richmond International. Talan Towers ғимараттарының ішкі әрлеу жұмыстарына Италия, Испания, Бельгия, Германия, Қытай, Түркия мен Үндістанның карьерлерінен әкелінген табиғи тастардың 56 түрі пайдаланылды. Олардың арасында юра дәуірінің «Лаймстоун» тастары, Sahara Noir, Perlato Bianco, Bianco Carrara, Crema Marfi және Calacatta мәрмәр тастары бар.
Сипаттамалары Talan Towers кешені өзара сауда галереясымен қосылған екі зәулім ғимараттан тұрады. — 106 194 м².
Talan Towers Offices Talan Towers Offices аталатын бірінші ғимараттың биіктігі 145 м және 30 қабаттан тұрады. Бизнес орталықтың жалпы аумағы 31 908,3 м2. Talan Towers Offices ғимаратында жылуды сақтайтын жасыл шатыр технологиясы, су үнемдеу және тамшылатып суару, жасыл желекті суару үшін жаңбыр суын қайталап пайдалану жүйелері, күн қуатымен жұмыс істейтін батареялар қолданылады. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде ғимарат ішіндегі температура мен жарықты оңтайландыруға арналған қуат үнемдеуші әйнек пайдаланылған.
The Ritz-Carlton, Astana Екінші зәулім ғимарат — The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі 25 қабатты мұнараның 17 қабатын иемденеді және 157 бөлмеден, Mokki және Selfie Astana мейрамханаларынан, Mokki Cafe, Өzen лобби-лаунж, The Ritz-Carlton SPA, Astana және аумағы 1400 м² астам мәжіліс залдарынан тұрады. The Ritz-Carlton, Astana ғимаратының жоғарғы жеті қабатын The Ritz-Carlton Residences, Astana атты 27 резиденция иемденіп жатыр.
Паркинг Talan Towers ғимараттарында екі қабатты автотұрағы бар және олар 550 орынға есептелген.
Тағы қараңыз Абу-Даби Плаза Қазақстандағы ең биік ғимараттарының тізімі
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми веб-сайт
Санат:Астана ғимараттары мен құрылыстары Санат:2013 жылы пайда болғандар