Мариновка — Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауыл, Мариновка ауылдық округi орталығы.
Географиялық орны Ауданы орталығы — Атбасар қаласының шығысында 60 км жерде, Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде орналасқан, Қалқұтан өзенінің оң жағасында.
Тарихы Іргесі 1854 —1855 жылдары Амантай шоқысындағы бекеттің орнына қаланған. 1954 жылдан астық кеңшарының, 1973 — 1988 жылдары Мариновка ауданының орталығы болып келді. Соның негізінде 1997 жылдан кейін “Мариновское”, “Амантай” ЖШС-тері, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл аумағында Астана — Қарталы т. ж. ст. (Ирченко), астық қабылдау және автокөлік кәсіпорындары, тігін фабрикасының бөлімшесі, ӨК орналасқан. Ауылда Мариновка көтерілісінің (1919) құрбандарына ескерткіш орнатылған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен37783024 1564 51,7 1467 819 55,8 1557 745 47,8
Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, музыкалық мектеп, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, дәрігерлік амбулатория, аймақтық тубдиспансер, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет үйі, 2 кітапхана, мұрағат, астық қабылдау пункті бар. Мариновкадан 2 км жерден Алматы – Астана автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы елді мекендері