«Торино» () — Торино немесе Торо, Grande Torino, Италияның Турин қаласындағы кәсіпқой футбол клубы.

Тарихы Клуб 1906 жылы құрылған. "Ювентус" клубының бірнеше ойыншысы өз алдына клуб құрды да, Альфред Дик президент боп тағайындалды.

Италияның жеті дүркін чемпионы. Клуб 1942-49 жылдар арасында ерекше жарқырады. Жеті чемпиондығының бесеуін сол аралықта жеңіп алды. 1949 жылы 4 мамырда Лиссабоннан ұшып келе жатып апатқа ұшырады да, ұшақта отырған клуб мүшелері түгел қаза тапты. Осы трагедиядан соң «Grande Torino» деп аталған алтын дәуірі мәреге жетті.

Осы дәуірден соң тек 1976 жылы ғана Италия чемпионатында топ жарды.

Жетістіктері

Италия Чемпионаты Чемпион (7): 1927/1928, 1942/1943, 1945/1946, 1946/1947, 1947/1948, 1948/1949, 1975/1976 2-орын (10): 1898, 1899, 1900, 1906/1907, 1914/1915, 1928/1929, 1938/1939, 1941/1942, 1976/1977, 1984/1985 Италия кубогы Жеңімпаз (5): 1935/1936, 1942/1943, 1967/1968, 1970/1971, 1992/1993 Финалист (8): 1937/1938, 1962/1963, 1963/1964, 1969/1970, 1979/1980, 1980/1981, 1981/1982, 1987/1988 Италия Суперкубогы Финалист: 1993/1994 УЕФА кубогы Финалист: 1991/1992

Атақты футболшылары

Фернандо Гидисели Сильвио Пиола Валентино Маццола Денис Лоу Жуниор Дино Баджо Энцо Шифо Валтер Казагранде Энцо Франческоли Роберт Ярни

Сілтемелер

http://www.torinofc.it/

Санат:Италия футбол клубтары Санат:Торино ФК