Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т - температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.
Изопроцестер үшеу: изотермалық, изобаралық, изохоралық. Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изотермалық процесс ( - бірдей және - жылу) деп атайды. Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изобаралық процесс (грек. - бірдей, - ауырлық салмақ) деп аталады. Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін Изохоралық процесс (грек. - бірдей және - көлем) деп атайды.
Барлық газ заңдары Менделеев-Клайперон теңдеуінен жеңіл алынады. Физика 10 сынып, "Атамұра" баспасы, Алматы қ. ISBN 978-601-293-200-3
Дереккөздер
Тағы қараңыз Изобаралық процесс Изохоралық процесс Изотермалық процесс
Санат:Термодинамикалық процестер