Шыңғырлау — Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданындағы ауыл, аудан және Шыңғырлау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Орал қаласынан шығысқа қарай 182 км-дей жерде, Елек өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 6722 адам (3214 ер адам және 3508 әйел адам) болса, 2009 жылы 7005 адамды (3399 ер адам және 3606 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7639 адамды (3728 ер адам және 3911 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Шыңғырлау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері