Қарбасқан – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігіндегі тау. Қарасор көлінен оңтүстікке қарай 15-20 км, Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан.
Жер бедері Оңтүстіктен солтүстік-шығысқа қарай 1,5-2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Абсолюттік биіктігі 745 м. Беткейлері көбіне жайпақ, аз тілімденген, батысы тік жарлы.
Геологиялық құрылымы Пермь гранитоидтарынан түзілген.
Топырағы Толық қалыптасып жетілмеген қызғылт қоңыр, саздақты топырақ кездеседі. Шығысы батпақты, оңтүстік және солтүстік етектері сортаңды болып келеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары