Жонадыр – Шилі мен Қарсақбай өзендері аралығындағы тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 323 м. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км-ге жуық.

Жер бедері Беткейі көлбеу. Барлық жерлерінде жер бетіне түпкі тау жыныстары шығып жатыр.

Геологиялық құрылымы Девонның тау жыныстарынан түзілген. Олардың үстін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жапқан.

Өсімдігі Күңгірт қоңыр топырағында бетегелі-сұлыбасты-қаулы өсімдіктер өскен. Тау етегінде шалғындық жерлер, шығысын сор басып жатыр.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары