«Мұз дәуірі» () — Blue Sky Studios студиясының 20th Century Fox компаниясына арнап жасаған толықметражды мультфильм.

Рөлдерді дыбыстағандар Оригинал нұсқасы Рэй Романо — Манфред (Мэнни), мамонт Джон Легуизамо — Сид, құмырсқажегіш Денис Лири — Диего, қылыштісті жолбарыс Крис Уэдж — Скрат, қылыштісті тиін Горан Вишнич — Сото, жолбарыстар үйірінің көсемі Джек Блэк — Зик, жолбарыс Алан Тьюдик — Ленни және Оскар, Дэб есімді жолбарыстар Седрик «Көңіл көтеруші» — Карл Стивен Рут — Фрэнк

Қазақша дыбыстаған Жәнібек Мұсаев — Манфред (Мэнни) Олжас Жақыпбек — Сид Данияр Сванқұлов — Диего Асылбек Қапаев — Сото Заңғар Әбенов — Зик Шах-Мұрат Ордабаев — Карл Жандәулет Батай — Фрэнк

Авторлар тобы Режиссер - Крис Уэдж, Карлос Салдана Продюсер - Джон С. Докин, Лори Форте, Кристофер Меледанри Сценарий авторы -Майкл Дж. Уилсон, Майкл Берг Рөлдерді дыбыстағандар: Крис Уэдж, Джон Легуизамо, Рэй Романо, Денис Лири, Джек Блэк, Горан Вишнич Композиторы - Дэвид Ньюман

Бейнеойын Мультфильмге негізделген бейнеойын Ubisoft-та Game Boy Advance-мен жарияланды. Алайда әртүрлі пікірлерге, тіпті көбіне теріс пікірлерлге ие болды.

Қызықты мәліметтер Мультфильм барысында басты кейіпкерлер - Мэнни, Сид және Диего өзге оқиғаның кейіпкері Скратпен барлығы төрт рет кезігеді. Мультфильмнің оригинал нұсқасында Скратты фильмнің режиссері Крис Уедж дыбыстады (Скраттың шығаратын әртүрлі дыбыстары) Мультфильмнің тек осы бөлімінде адамдар көрсетіледі. Мультфильмді Жолы болмағандар фильмінде Квентин тамашалап отырады.

Дереккөздер

Сілтемелер Мультфильмнің ресми сайты  — сайт ішін көру Скрет кейіпкерін басқару арқылы жүзеге асады.

Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:2002 жылғы мультфильмдер Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер Санат:Карлос Салдана фильмдері Санат:20th Century Fox мультфильмдері