Қоскөл — Теңіз көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Атбасар ауданы Есенкелді ауылының оңтүстік-батысында 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 356 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 1,7 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1 км, жағалау бойының ұзындығы 6,5 км. Екінші көлдің аумағы 1,6 км2 шамасында. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Шығысында Құбакөл, оңтүстігінде Айдарлы көлдері бар. Жағалауы - шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Атбасар ауданы көлдері