Ораз ақын мазары — ХІХ ғасырға жататын, архитектуралық ескерткіш. Шөмішкөл ауылынан шығысқа қарай 3 шақырым жердегі жайдақ төбешіктің үстіне орналасқан. Ескерткіштің айналасында шөгіп кеткен жерлеу қоршауларының қалдықтары бар. Мазар сипаты Ораз Ақын (руы әлім-жақайым) ескерткіші тікбұрышты қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері -9,10×12,20 м, сақталған биіктігі-5,70 м.
Кесене екі камералы, біреуі- кіреберіс, екіншісі-жерлеу камерасы. Тікбұрышты кіреберіс камера дөңгелек болып келген күмбезді негізгі аумаққа жалғасқан.
Жоспарында тікбұрышты болып келген кіреберіс камераның аркалы кіреберіс ойығы оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан, ал оған қарама-қарсы қабырғада жарық түсетін ойық бар. Камера қаландылардан шығарылған күмбезбен жабылған, оның жайдақ шатыры қарсы орналасқан үш мұнарашамен көмкерілген.
Дөңгелек болып келген жерлеу камерасы іргесі шығыңқы және күмбез асты барабанында тұрған парабола кескінде күмбезбен жабылған, кесілген конус іспетті корпусқа енгізілген.Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы; Қызылорда облысы,Алматы, Аруна баспасы , 2011
Дереккөздер
Санат:Қызылорда облысы сәулеті Санат:Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері