Қараш — Кіші жүз Әлімұлы рулар бірлестігінің Қарамашағынан тараған ата. Қарамашақтың төрт баласы (Оразгелді, Ораз, Жаншүкір, Қараш) реңдері қара болғандықтан "төртқара" атанып кеткен. Қараш—Аппақ, Тоқпан болып бөлінеді. Қараш ұрпағы Қазан төңкерісіне дейін негізінен Ақтөбе облысының территориясын мекендеді. Таңбасы — + (Айқыш)Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. ?-том. Қарашұлы Аппақтан Құламан, Байсиық, Жалтыр, Көзгене. Аппақұлы Байсиықтан Құлтас. Құлтастан Қарағой, Қараша, Бекше, Оразкелді (Наурызбай), Ораз, Байбақты, Жанбақты, Торы (Келтеқара), Сары, Тумаш. Аппақұлы Жалтырдан Шынтас (Ақкиіз). Қарашұлы Тоқпаннан Тоғамыс, Шобан, Сейітқұл би. Сейітқұл биден Сейітпанбет, Төлес, Ақша хан, Дүйсеней, Қалматай, Матай, Қият, Жалаң (Жалаңтөс) Баһадүр, Қожамқұл. Ақша ханнан Шал, Бәйбек, Бөкенші, Жоламан, Бекпанбет, Желкілдек, Қанысбек. Ақшаұлы Бәйбектен Кешубай, Қашқын, Айтық (Әйтеке) би.

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары Санат:Кіші жүз рулары