Күшік — Ұлы жүз Жалайыр тайпасының руы.

«Күшік» - Қосымбеттің лақап аты (шын есімі Көлшік екен деп те айтады). Күшік төрт тармаққа бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Маржа.

1860 ж. 700 түтін (үй) болған. Күшік ұрпағы Қазан революциясына дейін Қапал уезіндегі Іле өзенінің оң жақ саласынан оңтүстік-шығысқа қарай Быжы өзенінің сол жақ саласына дейін кең аймақты - Ақдала, Көкдала жазықтары мен Шүрек, Сарыбұлақ, Ортаөзек, Сасық, Үшөзекті мекендеді. Олар Жоңғар Алатауының биік бөктерлеріне дейін жайлап баратын. Малы аз кедейлер негізінен көктеу, күзеулерде қалып, суармалы егіншілікпен айналыстыҚазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том. Тұлғалары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Кемел Тоқаев Жолбарыс батыр, би

Дереккөздер

Санат:Қазақ рулары