Афарлар (Данакиль) — Африканың солтүстік-шығысында, Афар шөліндегі халық. Жалпы саны 1,5 миллион адамға бағаланады (2009), олардың көпшілігі Эфиопияда тұрады, Афар провинциясы халқының едәуір бөлігін құрайды. Афардың үлкен топтары Эритрея мен Джибутиде тұрады. Антропологиялық жағынан Данакиль еуропалық пен зәңгі нәсілінің араласуынан қалыптасқан эфиоп өтпелі нәсіліне жатады.
Тілі Кушит тілдері тобына кіретін афар тілінде сөйлейді.
Діні Басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады, ал аз ғана бөлігі - христиандар. Діни нанымында (ислам дінін қабылдағанға дейін) ерте заманғы тұтынған діннің сарыны сақталған.Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Тарихы Араб және Эфиопия дереккөздеріндегі Афарлар туралы алғашқы мәліметтер 13-14 ғасырларға жатады. Афарлар бірнеше сұлтандықтарды құрды (Ауса — Аваш өзенінің төменгі ағысында, Тәжура - Тәжура шығанағының жағасында, Рахейт - Баб-эль-Мандеб бұғазының жағалауында және т.б.), 19 ғасырда Эфиопия құрамына еніп, ішінара Италия мен Францияның отарлық иеліктеріне қосылды.
Кәсібі нобай|оңға|200px|Афар Афарлар көшпелі түйе шаруашылығымен, аз дәрежеде мал шаруашылығымен (ірі қара және ұсақ мал), тұз өндіріп, оны бұғаз арқылы йемендіктермен немесе эфиопиялықтармен астық үшін саудалайды, Қызыл теңіз жағалауында – балық аулаумен, Ауса оазисінде – егіншілікпен айналысады. Афар аймағының ең ірі қаласы Асабада, Аддис-Абебада, Джибутиде афар жұмысшылары, қызметкерлері, зиялылары тұрады.
Өмір салты нобай|солға|200px|Жартылай көшпелі афарлардың қонысы Немере туыстар бойынша некелесу кең таралған. Ажырасу деңгейі жоғары. Афар әйелдері жалаңаш жүруге бейім, бұл мұсылман халықтары үшін әдеттен тыс нәрсе. Кушит халықтары мен кейбір банту халықтары қолданатын әйелдерді «сүндетке отырғызу» әдеті бар.
Қазіргі кезде Афар қоғамының өз жұмысшы табы мен зиялы қауымы бар.
Көшпелілер жартылай шатырлармен жабылған үңгірлерде, егіншілер мен балықшылар пальма жапырағы төсеніштерімен жабылған тіректері мен бұтақтары бар дөңгелек шатырларда тұрады.
Ерлер мен әйелдердің киімі – белге байланған мата, көйлек, шекпен.
Ет пен сүт афар диетасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Кобищанов Ю. М. Афар// Народы и религии мира / Глав. ред. В. А. Тишков. М.: Большая Российская Энциклопедия, 2000. — с. 63 Шпажников Г. А. Афар// Народы мира/ Глав ред. В. А. Минц. М.: ОЛМА Медиа Групп, 2007. — 640 с., ил. — с. 70 — 71. Lewis I.M. Peoples of the Horn of Africa: Somali, Afar and Saho., L., 1955
Санат:Эритрея халықтары Санат:Джибути халықтары