Дабысын қоңырқұмы - Бетпақдаланың солтүстік-батысында, Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы құмды алқап. Қарағанды облысы жерінде орналасқан. Абсолютті биіктігі 250 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км-ге жетеді. жер бедеріне ұсақ төбелі қырқалы жазықтар тән. Құмның сұр қоңыр топырағында еркекшөп, жусан, қияқ, құмаршық, теріскен, жүзгін өскен. Сәл минералданған тұщы суы жер бетіне жақын (1-2 м) жатыр. Құмды алқап жыл бойы жайылым ретінде пайдаланады. Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Дабысын қоңырқұмы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.