Қобда, Үлкен Қобда – Елек алабындағы өзен.
Географиялық орны Қазақстанның Ақтөбе ( Алға, Қобда аудандары) және Ресейдің Орынбор облыстары жерімен ағады.
Бастауы Қобда ауданындағы Көксай ауылының солтүстік-шығысында 5 км, Қарақобда мен Сарықобда өзендерінің қосылған жерінен басталады. Орынбор облысының (Ресей) Покровка селосы тұсында Жайық өзенінің саласы Елек өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 225 км, су жиналатын алабы 147000 км2. Алабында жалпы ұзындығы 133 км болатын 37 саласы бар. Ірі салалары: Ащықара, Қарақобда, Сарықобда, Тамды, Терісаққан, Сауқайың, Кіші Қобда, Итқырған (Ешкіқырған), т.б. Орта ағысындағы арнасы 200-250 м, аңғары бас жағында 3-4 км, жайылмасы 1,5-2, кейде 3 км. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қобда ауылы тұсында 5,5 м3/с. Суы тұщы, жер суғаруға, тоғанда құс, балық өсіруге пайдаланылады. Өзен өңірі жақсы шабындық, мал жайылымы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Су реестрінің мәліметтері Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы — Саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ территориясын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша: Мемлекеттік су реестріндегі су объектісінің коды — 12010000912112200008574 Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200857 Су алабының коды — 12.01.00.009 ГЗ томының нөмірі — 12 ГЗ бойынша шығарылуы — 2
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы өзендері Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Ресей өзендері