Молодёжное — Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігінің бағынысындағы ауыл, Молодёжный ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Сарыарқаның батыс жағында Есіл өзенінің саласы Терісаққан өзенінің сол жағасында, Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 851 адам (415 ер адам және 436 әйел адам) болса, 2009 жылы 499 адамды (256 ер адам және 243 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1961 жылы Ә.Майкөтов атындағы астық кеңшарын құруға сәйкес қаланды. 1995 жылдан кейін кеңшар негізінде астық және мал өсірумен айналысатын 26 шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар."«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет"
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі елді мекендері