Гетеротізбекті полимерлер - негізгі тізбегінде көміртекпен қатар оттек, азот, күкірт атомдары бал үлкен молекулалы қосылыстар. Қарапайым гетеротізбекті полимерлерге полиформальдегид немесе полиоксиметилен жатады. Гетеротізбекті полимерлер негізінен, бифункционалды органикалық молекулалардың поликонденсация реакциясы арқылы алынады. Бұлардың ішіндегі көп тарағаны - полиэфирлер (лавсан, терилен) мен полиамидтер (капрон, нейлон) аса берік талшықтар алынады. Капрон, нейлон және полиформальдегидті шайырдан машина мен станоктардың металл бөлшектерін алмастыратын арзан әрі берік құрылымдық материалдыр жасалады. Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Гетеротізбекті полимерлер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.