Шондонг () — Вьетнамда орналасқан үңгір, әлемдегі ең ірі үңгірGuinness World Records 2013, Page 032. ISBN 9781904994879. Үңгірде жылдам жерасты өзені ағады. Үңгір Карбон/Перм кезеңдерінде құрылған.

Ашылу тарихы Шондонг үңгірін 1991 жылы жергілікті тұрғын Хо Хан тапқан. Ол сол кезде үңгірге тік құлама кесірінен кіре алмады. Әлемге үңгір 2009 жылы бір топ британ ғалымдарының Пхо-Нха-Ке-Бангты барлауға келгенде белгілі болды . Британ ғалымдары ол жылы кальциттен жасалған биік қабырғаның кесірінен кіре алмай, тек 2010 жылы үңгірдің ішіне кіреді .

Ішкі көрінісі Лимбертстың айтуынша үңгір көршілес орналасқан Пхонг-Нха үңгірінен бес есе ірі. Шондонгтың ең ірі палатасының көлемі 5 км., биіктігі 200 м. және ені 150 м. тең. Үңгірдің ішкі жағында биіктігі 70 метрге тең әлемдегі ең биік сталагмит орналасқан .

Туризм 2013 жылдың тамыз айында үңгірді зерттеуге бағасы 3 000 долларға тең алғашқы туристтік топ экскурсияға барды. Болашақта үңгірге баратын осындай экскурсиялар жобаланған.

Дереккөздер

Санат:Үңгірлер Санат:Вьетнам үңгірлері