Ботаникалық сипаттамасы. Саздың құрғақ шөбі – биіктігі 5 - 20 см аралығында болатын, бір жылдық шөп тектес өсімдік. Оның сабағы жіңішке, тамыры қысқа болады. Сабағы мен жапырағының сыртын киіз тәрізді қалың түк басып тұрады. Жапырағының ұзындығы 2 -5 см, ал ені - 1,5 – 3 миллиметр ғана, пішіні – сопақша. Олар кезектесіп орналасқан. Сары түсті гүлдері сабағының ұш жағында болады. Сағақтары – ұзын. әр гүл тостағаншасында 5 – 6 гүл жапырақшасы болады. Бір – біріне шатылған жіпшелерден тұратын жемісі кішігірім дәнекше құрайды. Өсімдік маусым – тамыз айларында гүлдейді, ал жемісі тамыз – қыркүйек айларында піседі. Табиғатта таралуы. Республикамыздың Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында ғана өседі. Олар сазды – батпақты жерлерде, өзен, көл жағалауларында жиі кездеседі. Кей жерлердебұл өсімдікке өте ұқсас орман құрғақ шөбі, ақ – сары түсті құрғақ шөп деген түрлері бар. Олардың шипалық қасиеттері өте төмен. Орман және ақ - сары түсті құрғақ шөптерің биіктігі 60-70 см болады, сабақтарында бұтақшалары аз, гүлдер қызғылт түсті келеді. Дәрілік шикізат ретінде гүлдеп тұрған кезінде оның жер бетіндегі бөлігі мен тамырын қоса дайындайды. Өсімдік тамыры жерге аса терең кетпегендіктен оны сабағынан тартса тез жұлынады. Жұлынып алыған шөп сілкіп топырақтан тазартылады да, ашық, көлеңкелі жерде кептіріледі. Оны шатыр астында да кептіруге болады. Кептіру кезінде ауаның қызуының 40 – 45 градус жылылықта аспағаны дұрыс. Химиялық құрамы. Өсімдік құрамында каротин, С дәрумені, эфир майлары, илік заттар, смалалар және басқа да заттар бар. Дереккөздер